Суббота, 27 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатҚоғам

    Француз депутаты коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр

    Франция Ұлттық Ассамблеясының депутаты, саясаткер Жан-Люк Рейзер коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті деп жазады Qazweek.kz ақпарт агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Ер адам ауруханада емделуде деп жазады жергілікті басылым беттеріне сілтеме жасаған Lenta.ru

    Алдын-ала мәлімет бойынша, саясаткердің жағдайы өте ауыр. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр.

    Коронавирус жұқтырған депутаттың жасы 68-де екені белгілі болды.

    Одан бөлек, тек депутаттың ғана қауіпті індетті жұқтырмағаны анықталған.

    Франция парламенті ғимаратындағы асхана жұмысшысынан да коронавирус табылды.

    Ол карантинге өз үйіне жіберіліпті.

    Басылымның мәліметінше, Францияда қазірдің өзінде COVID-19 сиптомынан 7 адам қайтыс болған.

    Ел бойынша коронавирусты жұқтырғандардың саны 423 адамға жетті.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытайдан тыс жерде коронавирусты жұқтырғандардың саны 12 мыңнан асқаны белгілі болды. Бір тәулік ішінде қауіпті дертті жұқтырғандардың саны 2 мың адамға артты.

    қатысты посттар

    Ұйғыр ауданындағы кикілжіңге байланысты «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды

    Фариза

    Сенатор креслосымен қош айтысатын 17 депутат кімдер екені белгілі болды

    Фариза

    Шымкенттік белсендінің көлігіне иттің кесілген басын тастап, «қанмен» жазу жазғандар елді шошытты(видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.