Балалардың барлығына екпе жасау міндетті шара болуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі бұл норманы заң жүзінде бекітуді ұсынуда. Мәжілісмендердің біразы оған қарсы. Сапасыз екпе келсе, ұрпақты мүгедек етеміз, — деп алаңдайды. Себебі вакцинаны жеткізуші компанияларды алдын ала ескертусіз тексеруге болмайды екен.
Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәлісінің депутаты:
«Быт-шыт вакцинаны еккізіп, мен көз алдымда әкесі болып тұрып, шешесі болып тұрып баланы калека қылатын жағдайға апаруға жол бергізбеймін. Бұл Қазақстаннан кет деген сөз бе бұл? Егер заңға мойынсұнбасаң, сен бұл мемлекеттен кетуге мәжбүр боласың. Мен ата-бабам өмір сүрген елден неге қашуға тиіспін? Сіздер соған итермелеп жатырсыздар! Сізге ешкім кет деп жатқан жоқ. Жоқ енді обязан десе!».
Бірнеше ай бұрын желіні шарлаған видео бұл. Мәжілісмендер жұмыс тобының отырыстарының бірі секілді. Денсаулық сақтау туралы кодекске өзгерістерді енгізу туралы заң жобасы. Балаларға екпе жасауды міндеттеу нормасына қатысты депутаттар қызыл кеңірдек болып дауласуда. Бекболат Тілеухан оны жақтағандарды «артиссіңдер» деп айыптап жатыр.
Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәлісінің депутаты:
«Жаңағы сіздің сөзіңізден түсінген нәрсем. Дешевую вакцину покупают, поэтому деп отырсыздар. Высокоэффективный вакцина алыңыздар дейсіздер. Мұның артында үлкен ақша жатыр. Ол ақшаны анықтау үшін, соны ақтау үшін мына жерде сіздер актер болып, артист болып отырсыздар! Ал біз халықтың атынан айтқан соң, мынаны өткізетін болсақ, біздің парламенттегі құнымыз көк тиын тұрмайды».
Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәлісінің депутаты:
«Жоқ, мына жерде отырған депутаттардың бәрі халықтың атынан отыр. Олар да жай емес қой».
Араға біраз уақыт салып, еліміздің бас дәрігері сол заң жобасымен Парламентке келіп отыр. Тағы сол норманы сөз етіп, Бекболат Тілеухан «міндеттеу» сөзіне қарсы шықты. Оған жауап ретінде Елжан Біртанов біреу бас тартты деп, басқасына қауіп төндірсек, не болады, — дейді.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
«Балалардың ата-аналардың екпеден бас тартуының негізінде жалпы елімізде басқа, бұрыннан ұмыт қалған инфекциялық аурулар қайтып келіп жатыр. Біздің ойымыз, көп мемлекетте осы кейбір, барлық емес, кейбір вакциналарды міндетті түрде салады. Оның себебі басқа азаматтардың денсаулығын сақтау ол Үкіметтің міндеті».
Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
«Адамның өмірі мен заңы ең құнды деп есептеледі. Сондықтан бүгінгі неде біздің өзіміздің сараптамамыз бойынша конституцияға бұл нормалар қайшы келмейді».
Демек, міндеттеу нормасы қабылданатын сияқты. Бір түйткіл бар. Сол екпенің сапасын қадағалау үшін тиісті комитет тексеру жұмыстары жөнінде бірнеше тәулік бұрын ескертуі керек екен. Алдын ала тінту болатынын білетін қылмыскер дәйекзаттарды сақтап отырмайды ғой. Сондықтан дәл вакцинаға келгенде «ескерту» талабын алып тастау керек дейді мәжілісмендер.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
«Егер тиісті мемлекеттік органның қажетті құзыры болмаса, вакцинаға жауаптыларды қалай бақыламақшысыздар? Заң нормаларын дайындағанда ескермегендеріңізге таң қаламын. Азаматтар біле жүрсін, депутаттар екпеге қатысты тендерді өткізетін органдардың, вакцинаны жеткізуші мекемелердің жауапкершілігін қатаңдатуды ұсынды. Егер адам өміріне қауіп тудырса, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады».
Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
«Бұл норманы ерекше тәртіп қатарына қосамыз. Онда алдын ала ескертудің қажеті жоқ. Керісінше, тексеру өтіп болған соң, бір тәуліктен кейін не себепті шара қолданылғанын, қандай мән-жай анықталғаны туралы айтылатын болады».
Кодекс тек бірінші оқылымда қаралды. Заң жобасы мақұлданғанымен екінші оқылымда айтылған ескертулер өзгерістер түрінде енгізілуі тиіс.