Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Құрбандыққа шалынған Хритос» Кеңестік билік халықты Құдайсыз әлемге қалай сендірді? (сурет)

    Жуырда Ұлыбританияда канадалық-британдық зерттеуші Роланд Эплиоттың «Құдайсыз әлем» (Безбожная утопия) атты кітабы жарық көрді. Бұл кітапта автор суреттер арқылы алғашқы кеңестік мемлекеттің дінмен күресу тарихын көрсетеді.

    Роланд Э. Браунның бұл кітабы бір қарағанда көркем альбомға қатты ұқсайды. Онда революциядан кейінгі алғашқы жылдардан бастап Кеңес Одағы ыдырағанға дейінгі Кеңестік Республиканың дінге қарсы үгіт-насихат тарихын суреттейтін жүздеген көркем, тарихтан сыр шертетін суреттер бар. Дегенмен, мән беріп қараған адам бұл жай графикалық суреттерге қарағанда әлдеқайда өзгеше екендігін байқайды.

    Автор тарихи суреттерді көрсетіп, сондай-ақ оған түсінік беріп, барынша мәнін ашып беруге тырысқан:

    «Құрбандыққа шалынған Хритос»

    Александр Кан: 1923 жылы шыққан «Атеист» журналынан алынған бұл сурет көрген адамды таңқалдырмай қоймайды. Жоғарыдағы суретте Христиан дінін ұстанатындардың Құдайдың ұлы деп сенген Иса Мәсіхті дінге қарсы насихат аясында жазықсыз құрбан ретінде көрсеткен. Оның «Ал, тамақтан, бұл– менің денем, бұл– менің қаным, одан ішіп көр» деген сөзін үндеу ретінде қабылдап, шіркеу қызметкерлері мен діндарлар мағынаны тура түсініп, Құдай Ұлының денесін жалмап жатыр.

    Роланд Э.Браун: Менің ойымша,  Иса Пайғамбардың бұл бейнесі ашаршылық кезіндегі каннибализмнің дұрыс екендігіне иланатындардың сенімін көрсетеді.

    Осы тұрғыда, Еділ бойындағы ашаршылық большевиктік биліктің шіркеулік құндылықтарды тәркілеу үшін сылтау болғанын есімізге түседі. Ал шындығына келгенде, ашаршылыққа душар болатындай себеп те болмаған еді. Себебі, Америка Құрама Штаттары аштыққа душар болғандарға азық-түлікпен көмектесіп отырған болатын. Ал Кеңестік Республиканың билігі ол азық-түлікті мұқтаж жандарға дұрыстап жеткізуді ұйымдастыра алмады.

    Ішімдік үшін діндер арасындағы таңдау

    Александр Кан: Кеңес одағында өмір сүрген адамдар үшін ішімдік дін мәселесінде еш кедергі болмайтын. Әлі есімде, ол кездерде дін қызметкерлері, ғибадатшылар науқастарды алкоголь арқылы емдейтін. Бұл суретте автор социлистік билікті құруға кедергі бөгет жасаған екі бірдей үлкен кедергіні, яғни дін мен ішімдікті қосып көрсетуге тырысқан секілді.

    Роланд Э.Браун: Ал шындығына келгенде, бұл – мүлдем қате түсінік. Князь Владимир Ресей үшін дінді таңдаған кезде исламды христиан дінімен қатар қарастырады. Мұсылман діні ішімдік ішуге тыйым салғандықтан, олар Исламнан бас тартты. Владимирдің «Ресейліктер тек ішімдікпен көңіл көтереді» деген атақты сөзі болатын. Бұл сурет авторларының Лениннің сөздеріне сүйенгендігін анық көруге болады. Себебі, Маркс дінді «халық үшін апиын» деп атаған. Ал Ленин болса, «дін адамның миын улайды», — деген ойды ұстанған.

    Көкте Құдай жоқ

    Александр Кан: Бұл суретте алғашқы ғарышкер Юрий Гагариннің күліп тұрған бейнесі көрсетілген.

    Роланд Э. Браун: Шын мәнінде, Кеңестік  Республика дінге қарсы үгіт-насихат Юрий Гагарин ғарышқа ұшқанға дейін көкте Құдай бар деген идеясын қолданды. Ал кейіннен ғарышты бағындыруға қол жеткізген атеистер ғарышкерлер арқылы көкте де Құдай жоқ екендігіне сендіре бастады.

    Фариза Жомартқызы

     

    қатысты посттар

    «Жүрегіне оқ тиіп, қайтыс болды». Атамбаевты ұстау операциясында жасақ өкілі қаза болды

    Біз қабылданған шаралардың арқасында пандемияның таралуына тойтарыс береміз деп сенеміз — Мәулен Әшімбаев

    Фариза

    «Табыс көлемі азайды…» — Тоқаев елдегі проблемаларды атады

    Пікір қалдыру

    eighteen + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.