-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Денсаулық Саясат

    Біздің министрлер халықтың бәрін өздері секілді баршылықта тұрады деп ойлай ма?

    ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа байланысты жиын өткізіп, біршама сұрақтарға жауап берді, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Біртанов өз мәлімдемесінде бүгінде вирустың ошағына айналған Оңтүстік Кореяға байланысты айтып өтті. Белгілі болғандай, Оңтүстік Корея Қытай мен Иран мемлекеттерімен қатар қауіптілік деңгейі өте жоғары елдердің қатарына қосылды. Бұл үш мемлекеттің азаматтарына Қазақстанға кіру 8 наурыздан бастап тыйым салынатынын да айтып өтті.

    Біртановтың айтуынша, Оңтүстік Корея Сеул қаласына алдын-ала билет алып қойған азаматтар ешбір комиссиясыз билеттерін кері қайтарып, билетке төлеген ақшаларын толықтай ала алады.

    Сонымен қатар, көпшілікті толғандырған мәселе осы уақытқа дейін вирус шыққан елдерден келген азаматтар жайлы сұраққа жауап қатты. Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанда 992 адам карантинде жатыр екен. Олардың басым көпшілігі өз үйлерінде карантинде жатыр. Сонымен қатар, 7515 адам дәрігерлердің бақылауында екен.

    Осы орайда, үй жағдайындағы карантинге тоқтала өтсек. Жиын барысында министр Біртанов жағдайындағы үй карантинде жатқан адам қандай сақтық шараларын қолдануы тиіс екендігін айтып өтті.

    Оның айтуынша, үй жағдайында карантинде жатқан адам өзі жеке бір бөлмеге орналасып, үйдегі басқа адамдармен екі аптадай байланысын үзуі тиіс. Тек бір адам ғана маска және өзге де вирустан қорғанатын киімдерді киіп онымен байланысқа түсе алады екен. Карантиндегі адам орналасқан бөлмені жиі желдетіп, ауасын тазартып тұруы керек. Сонымен қатар, үй жағдайындағы карантинде жатқан адамға пәтерден шығуға, қоғамдық көлікке мінуге және адам көп жиналатын жерлерге баруға тыйым салынады. Кішкентай балалар мен егде тартқан кісілер және аяғы ауыр әйелдер карантинде жатқан адаммен мүлде байланысқа түспеуі қажет.

    Министр карантинде жатқан адамға сақтық шараларын толық түсіндіріпті. Алайда, еліміздегі тұрғындардың барлығы өздерін бұлай оқшаулауға шамасы келе ме?

    Ал бір бөлмелі пәтерде тұратындар сонда не істеуі керек?

    Білуімізше, елімізде пәтер жалдап тұратындар көп. Тіпті, бір бөлмелі пәтерде бірнеше адамнан тұрады. Олардың барлығы бір дәретхана, бір жуынатын бөлме мен бір ас үйді қолданады. Ал ондай жағдайда тұратын адамдар өздерін қалай карантинге жатқызады?

    Әлде біздің министрлер халықтың бәрін өздері секілді баршылықта тұрады деп ойлай ма?

    Назерке Лабихан

    қатысты посттар

    Нұрлан Нығматулин Nur Otan партиясының саяси кеңесінен шығарылды

    Фариза

    Заң жобасының қазақ тіліндегі мәтінінде 422 қате жіберілген. Сенат бейбіт жиындарға қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарып берді

    Фариза

    «Көрмегенді көрсетеміз»: Путин қақтығысқа сырттан ешкімнің араласпауын сұрады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.