9 C
Алматы
Воскресенье, 23 февраля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Мәдениет және шоу-бизнес

    Халықтың жағдайы туралы сөз қозғаған Тоқтар Серіков жылап жіберді (видео)

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тоқтар Серіков халықтың қазіргі жағдайы жайлы жан сырын ақтарып, жылап жіберді. Әнші бүгінгі қоғамда неге көңілі толмайтынын және қандай жайттар жүрегін ауыртатынын ашық айтты. Өнер иесі бар ойын ортаға салып, Youtube желісіндегі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Nur.kz порталына сілтеме жасап.

    Тоқтар Серіков қазіргі қоғамның енжар әрі қорқақ болып бара жатқанын айтып, өзі күйінетін бірқатар мәселелерді атап өтті.

    Өнер иесі халықтың жағдайы туралы сөз қозғап, көз жасына ерік берді.

    «Көріп тұрған нәрсеге жете алмайтындығымыз, басқа ұлттың өкілі келіп бізге үкім айтып тұрғанда, басымызды сүмірейтіп қарап тұратынымыз, өзіміздің тілімізде сөйлей алмайтындығымыз, қарындастарымыздың кім көрінгенге жем болып, ит болып тапталып жатқанын көргенде үндей алмайтындығымыз менің жүрегімді ауыртады.

    Бізді соншама не байлап ұстап тұр? Соншама сорлы болатын ел емес едік қой. Сонша бізді құртып тұрған не нәрсе? Осы нәрсеге миым жетпей қойды.

    Бір ақылсымақ, данагөйлер бар. Шығып алып, халыққа өзінше болып ақыл айтып, кеңес айтып, сабырға шақырған түрлері ғой. Бір азаматтар бар, аттарын атамай-ақ қояйын. Шеттерінен ақылшы бәрі.

    Соның жүрегі сезбей ме? Сезіп тұр ғой. Көзі көрмей ме? Көріп тұр ғой біздің елде не болып жатқанын. Осы нәрсені көріп тұрып, өтірік батыр болатындарына жүрегім ауырады» , — деді Серіков.

    Айта кетейік, бұған дейін Тоқтар Серіков не себепті әлі күнге дейін бірде-бір саяси партия құрамына кірмегенін айтқан болатын. Өнер иесі «ұйықтап отыратын депутаттармен» бірге жұмыс істегісі келмейтінін жеткізді.

    қатысты посттар

    Танымал режиссердің ұлы оқыс жағдайда қайтыс болды

    Президент 9 мамырда елордадағы ескерткішке гүл шоғын қою рәсіміне қатысады

    Фариза

    Маска жоқ деген халыққа Біртановтың бар айтқан сылтауы: «Сау адамға қажет емес» (видео)

    Пікір қалдыру

    19 + 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.