-1.1 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Гарант 24» ломбардының иесі Аслан Мырзабеков Кишиневте ұсталды

    2020 жылдың 27 ақпанында «Гарант-24» пен «Выгодный займ» компанияларының құрылтайшылары ұсталды деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    ІІМ хабарлауынша, қазақстандық полицейлер атышулы «Гарант 24 Ломбард» басшысы Аслан Мырзабековтың жол жүру бағытын анықтады.

    Polisia.kz мәліметіне сәйкес, 21 қаңтар күні жоғарыда аталып кеткен компания жетекшісі Ақтөбеден Орынбор қаласына аттанған.

    Одан кейін кәсіпкер Ресей астанасына ұшып барып, пойызға мініп Кишинев қаласына жеткен. Ол жерде Мырзабековты молдвиялық тәртіп сақшылары ұстаған. Белгілі болғандай, қазақстандық құқыққорғау органдары бұған дейін аталмыш мемлекетке арнайы сұратым жіберген.

    ІММ хабарлауынша, қазіргі таңда оны Қазақстанға жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр.

    Оған қоса, министерство қазақ-ресей шекарасында «Выгодный займ» ұйымының құрылтайшысы Жанболат Есіркепов қолға түскенін мәлімдеді.Қазіргі таңда, күдікті қамауға алынды.

    Құзырлы органның мәліметінше, бүгінгі күні «ломбардтар ісін» тергеу барысында 16 адам тұтқындалған. Компаниялардың тоғыз басшысына іздеу салынды.

    Бұл шаралардың барлығы еліміздің түрлі өңірінің тұрғындары құқыққорғау органдары жаппай жүгіне бастағаннан кейін іске асырылуда. Қазіргі таңда, тергеушілердің өңдірісінде 22 қылмыстыұ іс тіркелді. Олардың барлығы қаржы пирамидасын құру мен алаяқтық фактілері бойынша қозғалған.

    Айта кетейік, бұған дейін «Гарант 24» иесіАслан Мырзабеков желіде видеоүндеу жариялап, халыққа ақшасын қайтаруға уәде еткен болатын.

    қатысты посттар

    Халық Бейсен Құранбекті соңғы сапарға шығарып салды

    Фариза

    Павлодарда полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсады

    Фариза

    “Халық жайдан-жай ашуға берілмейді“ Пәтерге екі рет кіріп “СОБР” таба алмаған педофилді халық өзі тапқан

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.