-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Мәдениет және шоу-бизнес

    Танымал тұлғалар, расыменде, халықпен бірге алданданғандардың бірі болды ма, жоқ әлде, олар да алдаушылар ма?

    Елімізде соңғы уақытта «Гарант 24 Ломбард», «Выгодный займ», «Estate ломбард» сынды оңай олжаны мақсат еткен қаржылық пирамидалар халықты әуре-сарсаңға салуда. Арзан бағаға үй мен машиналы болып қалуды армандаған халық бір күнде жиған-тергендерінен айырылып, ақшаларын қалай қайтара алмай жүрген жайы бар. Көпшілігі бұл жағдайға өнер иелері мен блогерлердің, танымал жұлдыздардың аталған ломбардқа жасаған жарнамасынан кейін сеніп, ақшаларын тапсырғандығын айтады. Алданған халық ешбір тексерусіз алаяққа сенуге шақырған жұлдыздардың да жазаланғанын қалауда. Расында, ел алдында жүрген, танымал азаматтарға халық сеніммен қарайды. Дегенмен, өнер иелері де өздерінің де алаяқтардың құрбанына айналғандарын айтып шырылдауда. Осы орайда әншілер, расыменде, халықпен бірге алданданғандардың бірі болды ма, жоқ әлде, олар да алдаушылар ма деген сауал туындайды. Себебі, олар әр жасаған жарнамасы үшін төлемақыларын алатыны айдан анық. Демек, бұл жерде халықтан басқа жаппа шеккен ешкім жоқ деген сөз.

    Айқын Төлепберген бұл компанияның жарнамасына түскенін айтып, өзі де алданып қалғанын жеткізді.

    «Бұл компанияға ешқандай қатысым жоқ. Сіздер сияқты мен де алданып қалдым. Компанияға мені досым алып барды. Ол «көлігіңді қымбатқа сатып, арзанға басқа көлік сатып аласың» деді. Құжатын көріп, көз жеткіздім. Келісімшарты да көрдім. Көп көлік пен пәтер сатын алынғанын да көрдім. Бұл жерде мен ломбард деп ойладым. Кәдімгі қымбат бағаға өткізуге болады деп ойладым. Мен өзім арзан бағаға көлік күттім. Алдандым. Досым да алданғанын айтып отыр. Осы арқылы кейбір достарым арзан бағаға көлік алып, кейбір достарым шын мәнінде көліктерін қымбатқа сатты. Сондықтан олардың жарнамасына түскен едім», — деді әнші.

    Өнер иесі «Ломбард 24» компаниясының қаржы пирамидасы екенін білмегенін, бұл ісіне қатты өкінетінін айтып, барша тыңдармандарынан кешірім сұрады.

    https://www.instagram.com/tv/B83loAjFxdC/?utm_source=ig_web_copy_link

     

    Актер Асылхан Төлепов жағдайды түсіндіріп өтті.

    «Біріншіден, баршаңыздан осындай жарнамаға қатысқанымыз үшін кешірім сұраймыз. Біз де сіздер секілді алдандық, бізді де алдап соқты. Бізді танысымыз арқылы жарнамаға шақырды, біз де жарнамаға түспес бұрын әріптестерімізден сұрадық. Олар тақтайшаға жазып бәрін көрсеткен. Системасын көрсетті. Құжатын, барлығын көрдік. Біз де таңғалдық нарықтағы бағадан арзан сатып, сіздерден қымбат сатып аламыз деген сияқты. Біз таңғалғаннан кейін қызығып, жарнамасына түсіп, біз де қазіргі таңда жәбірленуші атанып отырмыз», — деді ол.

    Асылханның ағасы Артур да бұл қадамға не үшін барғанын ашық білдірді.

    «Өз басым үйдегілерге айтып, біздің халыққа жақсы дүние шыққан екен, ақшамызды тапсырайық, барайық деп барлығын көндірген мен болатынмын. Біз де өздеріңіз сияқты салымшы болдық, мінекей», — деді ол.

    Ағайынды Төлеповтер 13 миллион теңгеге шығындалғанын жасырған жоқ.

    «Бізге де оңай соққан жоқ. Интернет желісінде «Әртістерді жазалау керек», «Олар халықты сендіре білген» деп жатыр. Құрметті ағайын, біз де өздеріңіз секілді қарапайым азаматтардың біріміз, біз де жақсы жағына шыққымыз келген, үстінен ақша көргіміз келді. Сондықтан барлығыңыздан басымызды иіп, кешірім сұраймыз», — деді актерлер.

    https://www.instagram.com/tv/B83ycZKAWAl/?utm_source=ig_web_copy_link

     

    Белгілі вайнер Мейіржан Төребаев та «Estate Ломбард» үстінен полицияға шағым түсірді

    Мейіржан Төребаев Instagram желісіндегі парақшасында ресми мәлімдеме жасамағанымен Instagram-stories функциясы арқылы осы жағдайға байланысты полицияға шағымданғанын мәлімдеді.

    «Міне, астанадағы Есіл аудандық ішкі істер бөліміндеміз. Мені алдап, көлігімді алып қойғаны туралы шағым жаздым. Мен де ломбард құрбанымын. Өкінішке қарай, солай сеніп қалдық», — дейді вайнер бейнежазбада.

    Сонымен қатар, Мейіржан Төребаев ломбард нақты жұмыстарын көрсеткеннен кейін сеніп қалғанын жазған. Айтуынша, компания вайнерге достары арқылы шығып, видео түсіруді сұраған. Құқық қорғау органдарына шағымданған вайнер енді жауап күтетінін жазған.

    «Мен де xалық секілді мұндай болатынын күтпедім», — деп жазған вайнер

    Вайнер тіпті кепілге көлігін салып қойғанын жазған. Ол дәлел ретінде ломбардпен жүргізген келісімшартын және полицияға жазған шағымын жариялаған.

    Белгілі блогер Темірхан Асылбек те аталған компанияға сенім артқанын, сол себепті жарнама жасағанын айтып, халықтан кешірім сұрады. Алдағы уақытта мұндай мәселелерге мұқият қарауға уәде берді.

    https://www.instagram.com/p/B7p0miqJoCq/?utm_source=ig_web_copy_link

     

    Қуат Хамитов та «Гарант 24» Ломбарды жарнамалағандардың бірі болды.

    https://www.instagram.com/p/B7pwTCqJg-C/?utm_source=ig_web_copy_link

    Елге танымал әнші, блогер, тіпті Қазақстанның атын әлемге шығарып жүрген спортшы халықты алаяқтардың астына жығып бере салды. Маңдай-термен жиналған қанша ақша енді қайтарыла ма, әлде, сол күйі желге ұшып кете ме ол жағы белгісіз. Себебі, Ломбардтың басшысы шетелге қашып кетіп, бүгінгі күні оған халықаралық іздеу жариялануда. Сондай-ақ Ломбард басшысы, ақшаны ұрлағанымен қоймай, видеүндеу арқылы халық арыз жазбаса ғана ақшаларын қайтарамын деген шарт қойып отыр.

    Бүгінгі таңда  «Гарант 24 Ломбард», «Выгодный займ», «Estate ломбард» деп аталған үш қаржы пирамидаларының шығыны 5 миллиардқа жеткен.

    Ал заң тұрғысынан жұлдыздар жазаға тартыла ма, жоқ па ол жағы әлі белгісіз. Егер кінәлі екендері анықталған жағдайда, олар тек 530 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу арқылы ғана жазаланатын болады.

    Өздерін халықпен бірге алдандық, біз де ақшаларымыздан айрылдық деп ақталмақ болған танымал тұлғалардың мұндай жағдайда өздерінің жауапкершілігі жоғары екендігін «дұрыс» түсінбесе керек. Халықтың алдында жүрген тұлғалардың, ешбір тексерусіз, нақты сенімділіксіз жасаған мұндай іс-әрекеті — олардың да оңай олжаны көздегенінің көрінісі.

    қатысты посттар

    «Артық кеткен жерім болса, кешірім сұраймын…»

    «Депутат па»: Желіде Алтынай Жорабаеваның жолдасының суреті тарап кетті

    Фариза

    Алматыда Владимир Жириновский мен Қуат Ахметовтің сүйіскен суреті салынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.