-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Сөзімізді бөліп, микрофонымызды өшіріп тастайды» — Перуашев Мәжілістегі оппозицияның мүшкіл халін айтты

    Парламенттегі құрамы аз партиялардың құқығын қорғау бойынша заң жобасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyk ruhy порталына сілтеме жасап.

    Бүгін Әділет министрлігінде Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия кеңесі өтті. Депутаттардың мәртебесі, оппозицияның орны туралы баяндама жасаған «Ақжол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев Қазақстан Парламентінде құрамы аз партия өкілдеріне тең мүмкіндік берілмей отырғанын айтып, қынжылыс білдірді. Қазір Парламенттік оппозиция туралы балама заң дайындап жатқан бірқатар депутаттар Мәжілісте өздері көрген қысым туралы айтып берді.

    «2012 жылдан бері Парламентке өткеннен кейін өзіміздің фракциямызды құрып, Парламент жұмысына белсенді қатысқаннан соң, біздің депутаттарымызға қысым көрсетілді. Сөз сөйлей бастасаң, аяқ асты микрофон өшіп қалады. Мен сөйлеген кездерде екі рет, фракцияның басқа мүшелері сөйлегенде үш рет өшті. Мұндай жағдайлар жай отырыстарда емес, қос палатаның отырысында болды. Үкімет бюджеттің атқарылуы жөнінде есеп бергенде, мен өзімнің және «Ақжол» партиясының көзқарасын білдірейін дегенде сөзімді тоқтатып тастаған. Сол себепті, біз Парламенттегі азшылық партиялардың құқығын қорғау мақсатымен заң жобасын дайындауға мәжбүр болдық», — деді ол.

    Депутаттық топ қолданыста бар үш заңның 7 бабына 12 өзгеріс пен толықтырулар енгізіп жатыр. Осылайша «Парламенттік оппозиция», «Парламенттік көпшілік» ұғымдары заңдастырылмақ. Ұсынылып жатқан заң жобасына енетін өзгерістер төмендегідей:

    • Үкіметтің дайындаған заңдарына оппозиция партиясы балама заң ұсынуға құқық алады;
    • Оппозицияның өзекті мәселелерде парламенттік тыңдаулар өткізуге мүмкіндігі болады;
    • Мәжіліс ішіндегі профильдік комитеттердің бірін оппозиция партиясы өкілінің басқаруына рұқсат беріледі;
    • Оппозиция өкілі сөз сұрағанда оған міндетті түрде уақыт ұсынылады.

    Осыған ұқсас бірнеше ұсыныстары бар заң жобасын Әділет министрлігіндегі ведомствоаралық комиссия бірауыздан мақұлдады.

    Еске салайық, Ұлттық сенім кеңесінің екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік институтты қалыптастыру жөнінде айтқан болатын.

    қатысты посттар

    Қазақстанда коронавирус жұқтырған екі адам тіркелді

    Фариза

    Дариға Назарбаева мәлімдеме жасады

    42 500 теңге: бірінші ай төлемін алу үшін 15 сәуірге дейін өтініш беріп үлгеру қажет

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.