-5.1 C
Алматы
Пятница, 15 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Түркістан облысында «черная касса» ойыны үшін анасы қызын өлтіріп тынды

    Түркістан облысында анасы мен қызының арасындағы отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды. Қайғылы жағдай ересек қыздың «черная касса» ойынына қатысқысы келгендіктен орын алған деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    15 ақпан күні, кешкі уақытта Сарыағаш қаласының 41 жастағы тұрғыны 1953 жылы туған анасының үйіне келіп, әйелден 20 мың теңге бере тұруын өтінген.

    Ол ақшаны құрбысының компаниясы ұйымдастырған «черная касса» ойыны үшін алмақ болған. Қызының ақшаны қайда салғалы жатқанын естіген қарт ана оған ұрысып, қаржы беруден мүлдем бас тартқан.

    Әйелдер арасында жанжал шығып, оқиғаның арты қанды оқиғаға ұласқан.

    41 жастағы қызы ас үй пышағын алып, анасына бірнеше рет сұғып алған. Қарт кісі денесінің жоғарғы жағы, қолы және аяғынан көптеген жарақат алған.

    Осыған қарамастан, зейнеткер қызынан пышақты тартып алып, оған жауап ретінде пышақ жарақатын салған.

    Қызы үйден шығып, қала сыртына қашып кеткен. Жапан түзде жалғыз қалған ол алған жарақаттарынан есінен танып, құлап қалған.

    Бірнеше уақыт өткеннен кейін оны іздеуге шыққан туыстары келіншекті тауып алды. Алайда әйел көп қан жоғалтқандықтан, қайтыс болып кеткен.

    Сол күні полиция өлген әйелдің анасын ұстаған. Ол аудандық ауруханада жатып, медициналық көмек алған.

    Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша, қасақана кісі өлтірді деген айып тағылған.

    «Сот күдіктіге қатысты санкция берді. Қала тұрғыны айыпталып отырған қылмыстың аса ауырлығына байланысты, оған екі ай тергеу кезеңінде қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалған.», -деді Сарыағаш аудандық сотының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі координаторы, судья Берік Қайыпов

    қатысты посттар

    Пікір білдіре алмаймын — Тұрғымбаев Аяжан Еділованың өліміне қатысты

    Фариза

    «Түріктер сияқты қолын сүйіп, құрмет көрсеттім»: Сүлейменшілер жамағатында болған қазақ қызы жайлы

    Фариза

    Түркістан облысында әйелін 7 сағат азаптап өлтірген күдіктіге полиция «Абайсызда адам өлтіру» бойынша іс қозғады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.