-5.1 C
Алматы
Пятница, 15 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    ҚР ІІМ марқұм қоғам белсендісінің денесінде жарақаттар болғанын жоққа шығарды

    ҚР Парламенті Мәжілісінен тыс журналистерге берген сұқбатында ҚР ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің түрмеде ұсталуы мен оның өлімінің кейбір егжей-тегжейлері жайттары туралы айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Алдымен ол белсендінің ұсталғаны туралы интернетте пайда болған видеоға қатысты түсініктеме берді.

    Ол іс Ақмола облысы Целиноград ауданы ПД қызметкерлерінің өндірісінде болған. 2020 жылы 11 ақпанда Целиноград аудандық соты Ағаділді сырттай қамауға алуға санкция берді, өйткені оған қатысты алдын-алу бұлтартпау шарасы – ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде болған. Бірақ ол тергеушінің бірқатар қайта-қайта соққан қоңырауларына жауап бермей, шақыруын елемеді. «Осыған байланысты Қылмыстық процесуальдық кодексте қарастырылғандай, бұлтартпау шарасын өзгерту туралы шешім қабылданды».

    Жедел ақпарат қолға тиген соң (ұстау жүргізілді — ред), ол түн ортасында болған жоқ, кешкі сағат 20:37 минут кезінде қамауға алынды. Бұл түнгі уақытқа жатпайды. Сонымен қатар іздеуде жүрген күдіктілер бойынша біздің қызметкерлер тәулік бойына жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Егер бізге қылмыс жасады деп күдік келтірілген адамның қайда екендігі туралы хабарлама келіп түскен болса, әсіресе іздеу жарияланса оған, жедел уәкілдер күннің қай уақытына қарамастан оны ұстайды, бұл — біздің жұмысымыз, — деді Әділов.

    Ол марқұмның денесіндегі жарақаттар туралы ақпаратты жоққа шығарды.

    Денесінде жарақаттары бары туралы айтар болсақ, мен бұл ақпаратты толығымен жоққа шығара аламын. Ағаділ Дулаттың қайтыс болуына байланысты барлық туыстары мен достарына көңіл айтамыз. Кеше прокурордың сот сарапшылары, ҚАЖ өкілдерінің қатысуымен дене тексеруден өткізілді. Алғашқы сыртқы сараптама көзге көрінетін жарақат болмағанын анықтады. Кеше сот-медициналық сарапшылары алдын-ала қорытынды жасап, өлімнің себебі жүрек соғысының кенеттен тоқтап қалуынан, жедел жүрек-тамыр жеткіліксіздігінің салдарынан болды деп хабарлады, — деді ол.

    Сот-медициналық сараптаманың толық қорытындысы кемінде 25-30 күн ішінде дайын болады.

    Ағаділдің туыстары сарапшылар комиссиясының құрамын кеңейту үшін басқа сарапшыларды тарту туралы өтініш білдірді. Өтініш қабылданды.

    «Бүгіннен бастап бұл қылмыстық істі тергеумен Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасының арнайы прокурорлары, ҚР Бас прокуратурасы тікелей айналысады,» — деді Әділов.

    25 ақпанда азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің Нұр-Сұлтан қаласындағы тергеу изоляторында қайтыс болғаны туралы белгілі болды. Өлімнің алдын-ала себебі: «Жедел жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі». Полиция оқиғаны азаптау белгілеріне қатысты тексеріп жатыр.

    қатысты посттар

    Forte bank әлемнің үздік 3 банкінің қатарына кірді

    «Жаңа Конституция керек». Түрмеден шыққан Макс Боқаев алаңда билікке талабын айтты

    Фариза

    ТЖ режимі: Білім кәсіподағы білім беру ұйымдарының басшыларына үндеу жасады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.