-8.1 C
Алматы
Пятница, 15 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Алматы мен Шымкентте белсенділер Дулат Ағаділдің өліміне байланысты түсініктеме сұрап ұсталғандарды босатуды талап етті

    25 ақпанда Шымкентте, Алматыда ондаған адам белсенді Дулат Ағаділдің қазасынан соң полиция департаментіне барды. Олар Нұр-Сұлтанда полиция департаментіне Ағаділдің өліміне байланысты түсініктеме сұрап ұсталған белсенділерді босатуды талап етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    Полицияға келгендер «болған жағдайға алдымен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жауапты» деді. Олар Назарбаев басқаратын Қауіпсіздік кеңесін, үкіметті таратуды, сенат спикері Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуін талап қылды.

    Алматыдағы наразылық шарасы полиция департаментіне жақын кинотеатрдың алдында өтті. Акцияға келгендердің бірі 2009 жылы жемқорлық айыбымен сотталып, қамауда отырған «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің плакатын ұстап тұрды. Белсенділер Жәкішевтің ісінде «саяси астар» бар деп санайды.

    Жиналғандардың сөзінше, Ағаділдің өліміне қатысты полицияның айтқанына сенбейтінін айтып, 22 ақпандағы билікке қарсы наразылық кезінде ұсталғандарды босатуды талап етті.

    «Бізді бірінші кезеңте саяси тұтқындардың және әкімшілік жауапқа тартылып қамалғандардың жағдайы алаңдатады. Себебі олардың қауіпсіздігіне ешқандай кепіл жоқ. Жағдай ушығып барады. Билік бізді ашуландырып отыр. Егер олар елдегі жағдайдың ушығып кеткенін қаламаса, Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Назарбаев пен үкімет отставкаға кетсін. Себебі олар дұрыс жұмыс істей алмай отыр» деді алматылық Даная Қалиева.

    Шымкентте қалалық полиция департаментіне келгендер полицейлердің «Ағаділ ұсталған кезде арақ ішіп алған» деген мәлімдемесіне наразы болды. Олардың сөзінше, полицияның сөзі «қазақстандық арнайы қызметтердің жұмысындағы олқылықты» көрсетеді.

    24 ақпан кешкісін әлеуметтік желіде Ағаділдің ұсталған видеосы тараған. Видеода штаттық киімдегі адамдар Дулат Ағаділді үйінен күштеп шығарып, қолына кісен салып, көлікпен алып кеткені байқалады.

    ІІМ жеке қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов Азаттыққа «Ағаділді ұстағандардың ісі тексерілетінін» мәлімдеді.

    25 ақпан таңертең астанада ондаған белсенді ІІМ ғимаратына келіп, Ағаділдің өліміне қатысты шенеуніктерден жауап талап еткен. Олар сол маңдағы жолды жапқан сәтте арнайы жасақ келіп, оларды ұстаған. Кейін ұсталғандарды полиция бөлімшесіне жеткізіп, жеке деректерін жазып алғаны хабарланды. Полиция кейін ұсталғандардың ішінен әйелдерді босатқан.

    Нұр-Сұлтан полиция департаментінің алдын ала дерегі бойынша, белсенді Ағаділ «жүрек талмасынан» көз жұмған. Белсенділер мен Ағаділдің таныстары оның жүрегі ауырмағанын айтады.

    «1977 жылы туған Дулат Ағаділ Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қайтыс болды. Сотқа құрмет көрсетпегені, судья мен сот отырысына қатысушылардың ар-намысына тигені үшін Дулат Ағаділдің үстінен қылмыстық іс қозғалған» деп хабарлады полиция департаменті.

    қатысты посттар

    Енді 42 500 теңгеге ЭЦП-сыз да, компьютерсіз де өтініш жіберуге болады

    Фариза

    Тоқаев тарихи әділдікті қалпына келтірмекші: Қуғын-сүргін құрбандары ақталмақ

    Фариза

    Назарбаев та Атамбаевтың күйін кеше ме?

    Пікір қалдыру

    nine + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.