-9.1 C
Алматы
Суббота, 21 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Гарант 24» ломбардының иесі: Егер арыздарыңды алсаңдар, ақшаларыңды қайтарамын (видео)

    Желіде «Гарант 24» ломбарды иесінің халыққа жолдаған видеоүндеуі пайда болды. Ролик кадрларында азамат салымшыларға ақшасын қайтарып беру мақсатында Қазақстаннан кетіп қалғанын айтады деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Желіде атышулы ломбардқа иелік етемін деген азамат салымшыларға үндеу жасады. Видеодағы ер адам өз қаржылық компаниясының қызметіне қатысты көптеген сыбыс пайда болған соң Қазақстаннан ізін суытқан.

    Фирма директорының сөзінше, ол бұл қадамға салымшылардың қаражатын қайтарып беру үшін барған. Алайда қазір ақшаның барлығы Қазақстанда айналымда болғандықтан, бұл мүмкін емес. Құқық қорғау органдарында өзіне қатысты арыз-шағымның көптігіне байланысты ол елге оралған бетте қамауға алынып, халық ақшасын қайтару мүмкіндігінен айырылады.

    Осылайша, ролик авторы өзінің қашып кетпегенін айтып, ақталып отыр. Ломбард иесі шынымен қашқын болсам, халыққа видеоүндеу жолдамас едім дейді.

    Қаржылық компания басшысы «нан табу үшін еңбек етіп жүрген» қоластындағы қызметкерлердің де кінәсіз екенін айтты.

    » Жауып тастағаннан (абақтыға-ред) қорықпаймын. Сіздердің ақшаларыңызды қайтара алмаудан қорқамын. Егер қашып кететін ниетім болса, видео жолдамас едім. Мен үнемі сіздермен байланыста отырдым, қалаларда кездесіп те тұрдым. Қызметкерлерім де жалдамалы, олар да нәпақа табу үшін жүрген адамдар. Қазір елге оралсам, мені жауып тастайды. Егер арыз аз болса немесе мүлде болмаса, Қазақстанға оралып, азаматтарға ақшасын қайтарамын»,- деді ол.

    Ішкі істер министрлігі аталған видеоны зерттеп, кадрдағы азамат «Гарант 24 Ломбард» ЖШС басшысы, 1993 жылы туған Аслан Мырзабеков екенін растады.

    Қазіргі уақытта күдікті мемлекетаралық іздеуде.

    Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының полиция қызметкерлері 22 ақпан күні «Гарант 24 Ломбард» пен «Estate Ломбард» филиал директорларын қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен қолға түсірді.

    қатысты посттар

    Дәлелдеу үшін өлуім керек пе? Президенттің баспасөз хатшысы сырқаттан саясат жасайтын адамдарға наласын жеткізді

    Фариза

    Алматыда сегізінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

    Фариза

    БҚО тұрғыны үш жыл бойы өгей қызын зорлаған: мектеп директоры сот алдына келді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.