Четверг, 26 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Атырау облысындағы зауытта Қытай азаматы қайтыс болды

    Атырау облысындағы зауытта Қытай азаматы қайтыс болды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Оқиға 22 ақпанда болған. Қарабатан ауылындағы Біріктірілген газ-химия кешенінің құрылыс аумағында 1970 жылы туған қытайлық азамат қайтыс болған. Ол монтажшы болып жұмыс істеген.

    Бір күн бұрын Қытай азаматы өзін жайсыз сезініп, медициналық көмек алған. Оған дәрігерлер күретамыр қысымы көтерілді деген диагноз қойып, кардиологқа баруға анықтама берген.

    Келесі күні ол асханаға бара жатып, есінен танып қалған. Дәрігерлер келгенде оның қайтыс болғанын анықтаған. Дәрігерлер ми қан айналымының бұзылуынан көз жұмғанын айтады.

    қатысты посттар

    Ағамыздың денесін жерледік. Басын бермеді – сұмдық жағдай болды

    Фариза

    MEGA желісінің барлық сауда және ойын-сауық орталығы жабылды

    Фариза

    Dimond Princess кемесіндегілермен бірге ұшып келген продюсер: Біз үшін шешім қабылдаған әуе компанясы мен билік өкілдері біздің конституциялық құқығымызға қол сұқты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.