-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Қорықшыны өлтірген қылмыскерлердің туыстары сот үкіміне наразылық білдірді

    Сот үкімін жеңілдетуін сұраймыз! Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне кінәлі деп танылған жеті қызылордалықтың жерлестері сот үкімімен келіспейді! Марқұмға ас берген Абай ауылының тұрғындары, қылмыскерлердің атынан елден кешірім сұрады. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

    «Балғабек баласы Ерланның рухына! Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Осы оқылған құранның сауаптары нұр болып тие берсін!».

    Абай аулының тұрғындары браконьерлер қолынан қаза тапқан, марқұм Ерлан Нұрғалиевке арнап құран бағыштап, ас берді. Ол үшін осы қылмысты жасағандардың бірі, өмір бойына бас бостандығынан айырылған жерлестері Нұрлан Шүкілдіковтің үйіне жиналды. «Заң алдында бәрі бірдей. Әркім жасаған қылмысын мойнымен көтеруі керек» деген ақсақалдар, кісі өлтірген
    ауылдастары үшін елден кешірім сұрады.

     ҚЫДЫРБАЙ БАЙТЕНОВ, АБАЙ АУЫЛЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: » Елдің алдынан, ақсақалдардың атынан, бүкіл Қызылорда елінің атынан, оның ішінде Абай ауылының халқының атынан былтырғы 13-ші ақпанда болған аң аулау кезінде болған Ерлан Нұрғалиевтың қазасына байланысы айтып қосарым жоқ. Тек қана Ерлан Нұрғалиевтың отының басынан, ағыйындарынан ел болып кешірім сұрауға шығып отрымыз».

    Қанды оқиға былтыр ақпан айында болды. Браконьерлер жаралаған «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиев бір күн жатып, көз жұмды. Жылға жуық қаралған іске өткен аптада нүкте қойылды. Судья, сотталушылар Берік Ахметов пен Қайрат Ақшановты және Нұрлан Шүкілдіковті кінәлі деп танып, үшеуін де өмір бойына бас бостандығынан айырды. Қалған 4 адам «заңсыз аңшылық» үшін 6 жылдан арқалады.

     ҚАЙРАТ ҚАСЫМОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЪЯСЫ Базаров, Қайырбеков, Мырзабаев, Ахметов, Ақшанов, Шүкілдіковтен заңсыз аңшылық үшін мемлекет пайдасына 89 миллион 763 мың 750 теңге өндірілсін».

    Ал, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Нұрлан Шүкілдіковтің анасы болса жоғары биліктен жазаны қайта қарауды өтініп отыр.  

     ӘЙГЕРІМ ҚАЛЫБАЕВА, ӨМІР БОЙЫНА СОТТАЛҒАН НҰРЛАН ШҮКІЛДІКОВТІҢ АНАСЫ: «Марқұм Ерланның отының басынан, бала-шағасынан, әсіресе қарт анасынан, әкесінен кешірім сұраймын балам үшін. Алла жеңілдік берсе екен. Қазақ халқынан кешірім сұраймын, қателіктер болса. Жаза өте ауыр жаза болып тұр. Жазаға келісе алмаймын. Өте ауыр!. Әділдік болады ма деп Алладан үміттеніп тұрмын».

    Осылайша ауыр жазаға кесілгендердің аналары ел алдынан кешірім сұрап, берілген жазаны жеңілдетуін сұрап отыр. Олар қасақана кісі өлтіру бабын, абайсызда кісі өлтіру бабына ауыстыру керек деген пайымда. Сот үкімі алдағы наурыз айында күшіне енбек. Ал, сотталғандардың ағайын-туыстары сотқа апелляциялық шағым түсіреміз деп отыр.  

    ///////////

    ЖОЛДЫҢ НАШАРЛЫҒЫНАН «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» ЖЕТЕ АЛМАДЫ

    Жаны қысылған науқасқа «жедел жәрдем» көлігі жете алмай, әлекке түсті. Бұл иесіз жатқан ауыл емес, Алматыдағы Әлмерек шағын ауданында болған жайт! Күн жылыса ми батпақтан көз ашпайтын тұрғындар аяқтарына пакет киіп, жаяу жүруге мәжбүр. Көлік қозғалысына шектеу қойылғанда балалар да мектепке лай кешіп барады. Ал қарттар болса үйлерінен әрі аттап баса алмайды екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

    «Машина скорой помищи не может доехать куда вызывали».

    Әлмерек елді мекеніне келген жедел жәрдем не шақырған жерге кіре алмай, не кері қайта алмай батпаққа батып қалған. Ауылдағы мұндай жағдай өткен жылдан бері жалғасып келеді екен. Көшелерді қазып, кәріз құбыры мен ауыз су тартылыпты. Алайда тас төселмегендіктен көшелер езіліп, көлік түгілі жаяу адам жүре алмайтын халге жеткен. «Тіпті, балалар мектепке бара алмай қалатын күндер де болады. Оларға аяқ-киім шақ келмейді» дейді тұрғындар.

     ӘЛИЯ БЕКТЕМИРОВА, ӘЛМЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Боти киеміз аяққа, мектепке ботимен барамыз. Ол жерде қайтадан ауыстыру керек. Кітаптары қаншама кітап, мысалы. Ауыстыратын аяқ-киімді де бірге алып жүру керек. Оның барлығын көтеріп барған балаға оңай емес қой мектепке дейін».

     НҰРБЕК ЖЫЛҚЫБАЕВ, ӘЛМЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Ал енді қазіргі суларын тартты, кетті. Міне көктем кезі келді, ақпан айының соңынан бастап. Міне уже март айы келді, әлі жерден тоң кеткен жоқ. Если мына жерден тоң кеткен күнде, бала емес, машинаның өзі жүре алмайды. Кеше міне көріңіздер, мына жерге машина тығылды. Бір күн кешке дейін осы машинамен алысып, аяғына келгенде трактор алып келіп, сүйреп алып кетті».

    Бұл жаңдай әсіресе оқушыларға ауыр болып тұр. Олар мектепке барып келгенше белуардан батпақ болады екен. Жолда құлап, үс-ті-бастары малмандай болғандарды білім ошағына кіргізбейді. Көлігі барлар машинамен, ал жаяу қатынайтындар тізеден төмен балшыққа батып келеді.

     ҚАЙША, ӘЛМЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мектепке баламды алып келе жатырмын. Кешке жақын алып қайтатында тағы бір аяқ-киім алып келеміз, міне. Өстіп мектепке кіріп, осылай оқып жатыр ғой, міне балалар. Көрген күніміз осы боп жатыр міне».

    Түркісіб ауданының басшылығы бұл мәселеден хабардар. Әлмереке елді мекеніне ауыз су мен кәріз құбырын жүргізуге 900 миллион теңге бөлініпті. Барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Сол кезде батпақтан да арыламыз деп сендірді.

     БОЛАТ БАЙДІЛДАЕВ, ТҮРКІСІБ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: » Барлық су құбырлары тартылғаннан кейін, Құдай қаласа, келесі жылы жол жасаймыз. Жол жасағанда ол жерде оның ішіне кіретіні тротуар кіреді, сосын уличное освещение дейді ғой, көше жарықтандыру керек және жолды асфальттау. Қазіргі таңда біз оны білеміз. Қазір уақытша, осы айдан бастап, осы март айынан бастап уақытша жүруге жолдарға тас төсеп береміз».

    Көшелерді асфальттау 2021 жылға жоспарланған. Оған дейін тұрғындарға тағы бір жыл батпақ кеше тұрудан басқа амал жоқ.

    қатысты посттар

    Павлодарда 15 жастағы қызды зорлаған педофил қолға түсті

    Фариза

    Елордада мектептен өрт шығып, оқушылар эвакуацияланды

    Фариза

    Қытайда қаза тапқан Қазақстандық студенттің өліміне қатысты жаңа деректер шықты

    Пікір қалдыру

    thirteen − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.