-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Иранда коронавирусқа байланысты барлық мектеп жабылуда

    Иранның бірқатар провинциясының билігі коронавирус таралмауы үшін бірқатар оқу орындарын жабу туралы шешім қабылдады. Иранның Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, алғаш рет коронавирус тіркелген Кум провинциясында екі күнге – жексенбі және дүйсенбі күндері барлық мектептер мен жоғары оқу орындарын жабу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

    Сондай-ақ Тегеран, Керманшах, Хамедан, Казвин, Ардебиль, Мазандаран, Альборз және Голестан провинциялары да осындай ұйғарымға келді. Маркази және Гилян провинцияларында оқу орындарын бір аптаға жабу туралы шешім қабылданды. Бұдан бөлек коронавирустың таралуына жол бермеу жедел штабы елде 10 күнге – 24 ақпаннан 5 наурызға дейін барлық спорттық шаралардың тоқтатылғанын хабарлады. Иранның мәдениет министрлігі де 28 ақпанға дейін елде ешбір мәдени іс-шара болмайтынын жариялады. Иранда жаңа типті коронавирус жұқтырғандар саны 29 адамға жетті, алты адам қайтыс болды.

    қатысты посттар

    «Мен алдандым…» — Ринат Заитов (видео)

    «Үкімді естуге сотқа әкелінбек» Айсұлтан Назарбаевтың ісі туралы жаңа дерек шықты

    Фариза

    «Халықты діннен бездіруге сенің қандай хақың бар?!» Белгілі дінтанушы Тазабековті сынның астына алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.