2 C
Алматы
Среда, 13 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Министрлер сұрақтан неге қашады? Әлде, оларға сценариден тыс сұрақ қоюға болмай ма?

    Халық жыласа мұңын кімге шағады? Әрине, биліктен барып пана сұрайды. Әділетсіздік пен теңсіздік, жоқтық пен мардымсыз айлықтың әсерінен әбден қажыған халық жауапты министрлерден барып көмек сұрайды. Дегенмен, елімізде халықтың мұң-мұқтажына тіл қатудан қашатын,  қойылған сұраққа жауап беруден қашатын, не мардымды жауап бере алмайтын министрлер бар. Осы орайда олардың осындай  қылығынан кейін халықтың жағдайы қалай жақсармақ, оның сұрауын кімнен алмақпыз деген сауал туындайды.

    БІздің елде жауаптан жалтаратын министрлердің қарасы көп, дегенмен, солардың ішіндегі ең бастыларына тоқталып өтейік:

    ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов:

    Әлем халқын дүрліктірген қауіпті, әрі жұқпалы вирус коронавирус Қазақстан халқын да сарсаңға салуда. Соған орай мемлекеттік бюджеттен 2 миллиард тенге коронавируспен күресуге бөлінген болатын. Тексеріс нәтижесінде Қазақстанда бірде-бір адам бұл кеселге шалдықпаған. Оған қоса, коронавирусқа қарсы ешқандай да елімізде дәрі-дәрмек те, емдік амалдар да жоқ. Тек олардың анализдерін алып, коронавирусқа шалдыққан не шалдықпағанын анықтауға арналған лаборатория ғана жұмыс жасап жатқандығын атап өткен болатын мамандар. Дабыл қағылған уақыттан бері ауыз толтырып айтарлықтай жасалған әрекет те жоқ, тіпті, дәріханалар да маска да жоқ. Ал Министр мырза аз уақыттың ішінде бюджеттен коронавируспен күреске бөлінген 2 миллиард теңгенің таусылғандығын жеткізді. Ал журналистердің бұл ақша қайда жұмсалды деген сұрағына Министр мырза: Мен айтып берер едім, бірақ менің  жауап беруге құқығым жоқ, — деп жауап берді. Білдей бір министрдің халыққа берген жауабы осы.  2 миллиард тенге Денсаулық сақтау министрлігіне бөлінген, желге ұшқан сонша ақшаның сұрауын Министрден басқа кімнен сұрамақпыз?

     

    1. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев

    Естеріңізге сала кетсек, жуырда спикер Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік желіні шулатқан бірнеше жазбалары шыққан болатын. Соған байланысты министр Даурен Абаев: Айсұлтан Назарбаевтың жазбаларына байланысты жалған ақпарат таратқандар жазаланатын болады, — деп жеткізген. Араға бірақ уақыт салып журналистер министрге Айсұлтан Назарбаевтың қандай статья бойынша жазаланатыны, сондай-ақ жалған ақпарат таратушыларға қандай жаза қолданылатыны туралы сұрақ қойған болатын. Дегенмен, ақпарат министрі де аталған сұрақтарға мардымды жауап бере алмады. «Қандай статьямен жазаланатынын көрдім, бірақ нақты қараған жоқпын, бұл сұрақты мамандарға қояңыз деп, өзі айтқан жауабынан өзі қашты. Өз сөзіне өзі жауап бере алмаған министрге қандай үміт артуға болады?

    https://www.facebook.com/128192383920110/posts/3569937163078931/?vh=e

    3.Экс-министр Мадина Әбілқасымова

    Осыдан бір жыл бұрын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтің қорғау министрі Мадина Әбілқасымова: 16 мың теңге көпбалалы аналар үшін тым көп», — деп халықтың ашуына теген мәлімдеме жасаған болатын. Дәл осы мәлімдемеден кейін, көп уақыт ұзамай, Елордада бүкіл Қазақстан жұртшылығын күңіренткен бес баланың өлімі ауыр қайғы әкелген болатын. Осы жағдайдан кейін «16 мың теңге балаларымызды асырауға жетсе, осылай күні-түн жұмыс жасаймыз ба, осылай бес бала қыршынынан қиылар ма еді», — деген халықтың іштегі жан айқайы шыққан болатын. Осы бес баланың сұрауын да сол 16 мың теңгені көпбалалы аналарға көп көрген министрден таба алмадық. Ауруын желеу еткен Әбілқасымованың жауабы түгілі қарасында таба алмай қалған жайымыз бар. Одан біраз уақыт өткеннен кейін, жазалануы тиіс болған Әбілқасымова Еңбек министрлігінен Экономика министрлігіне бір-ақ секіріп кетті.

     

    Ал кейбір билік басшылары тіпті пікір білдірудің өзінен қашады. Олардың ең бастысы ретінде Спикер Дариға Назарбаеваны айтуға болады.

    Естеріңізге сала кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын Айсұлтан Назарбаев  Facebook әлеуметтік желісінде таңқаларлық жазбалар қалдырып, өзінің Нұрсұлтан Назарбаев пен Дариға Назарбаеваның ұлы екендігін мәлімдеген болатын. Осы жағдайға байланысты мәселенің анық-қанығын сұрауға барған журналистің сұрағына Дариға жауап беру түгілі, бұрылып та қараған да жоқ. Тіпті, оның оққағарының бірі журналистің аузын басқанын видеодан анық көруге болады. Елді басқарып отырған білдей-бір басшының мұндай қылық танытуы әдетке айналып бара жатқандай.  Бір баласына әлі жетпеген отбасының бір елді басқаруға шамасы қалай жетпек?

    Өз жұмысын тиянақты орындай алмайтын осындай адамдар билік басында көбейіп бара жатыр. Тіпті халық оларға үстерінен күліп, ирониямен тиісуді де шығарды. Дегенмен, бұл жағдай күліп қарайтын жеңіл мәселе емес.

    Жауап беруге құқығы жоқ, өзі айтқан сөзіне өзі жауап бере алмайтын, ауруын сылтаурататын мен журналистің аузын жабатын биліктегілер. Бүгінгі біздің министрлердің сиқы осындай. Халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс 2 миллиард тенге де,  бір үйдің қыршынынан қиылған 5 бүлдіршін де сұраусыз қалды. Ақшаның да, адамның да тағдырына жауап бере алмаған министрлерге адам өмірінің құны бес тиындық құны да болмағаны ма?

    Мұндай министрлер мен басшылар биліктің басында отырған кезде, елдің болашағына қалай сеніммен қарауға болады? Министрлердің мұндай жауабы журналистер қауымын менсінбей қорлау ма, жоқ әлде, халыққа не айтсаң да бәрібір деген қол сілтеуі ме? Қарапайым сұраққа жауап бере алмай отырған министрлер елдің мұңын көтерер маңызды мәселелерді қалай шешеді?

    Фариза Жомартқызы

    қатысты посттар

    Dimond Princess кемесіндегілермен бірге ұшып келген продюсер: Біз үшін шешім қабылдаған әуе компанясы мен билік өкілдері біздің конституциялық құқығымызға қол сұқты

    Фариза

    Назарбаев: Баршаңызды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын

    Фариза

    Қасіретті қаңтар оқиғасына кім кінәлі?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.