Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатСаясат

    Нұрсұлтан Назарбаев наурыз айында маңызды отырыс өткізбек

    Бұған дейін Елбасы Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізу туралы қаулыға қол қойған болатын.

    Sputniknews.kz сайтының дерегіне сәйкес, 5 наурызда Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді.

    «Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 5 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды», – деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

    Айта кетсек, 18 наурызда Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда партияның 2020 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланады.

    Бұған дейін Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдаған болатын. Тұңғыш президентке партия активінің сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмыс пен саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық туралы есеп берілді.

    Фото: KTK арнасы

    қатысты посттар

    Қазақстанда 159 мың теңге жәрдемақыға үміткер бір ғана отбасы бар

    Фариза

    «Билік халықтың өмірін қиындататын, ақымақ жолды таңдап алды» — Мұхтар Тайжан салық табысына байланысты өзгеріске пікір білдірді

    Фариза

    Сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялап жатыр (видеотрансляция)

    Пікір қалдыру

    thirteen + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.