-11.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Шеруге шықпақ болғандарды полиция ұстап, алаңда күзет күшейді

    Ақпанның 22-і күні таңертең Алматыда тіркелмеген «Демократиялық партияның» оннан астам жақтасын полиция ұстады. Екі саяси ұйым үкіметке қарсы шеру өтеді деп жариялаған «Астана» алаңын полиция бақылауға алды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    Сенбі, ақпанның 22-сі таңертең Алматы қаласында полиция тіркелмеген «Демократиялық партияның» оннан астам белсендісін ұстады. Белсенділер Төле би мен Төлебаев көшелерінің қиылысында жиналып, «Астана» алаңына қарай шеру жасап бармақ болған еді. Полиция наразыларды ұстай бастаған кезде «Бостандық!», «Аштық!» деп айқайлап, өткен түні әкімшілік сот «митингіге шақырды» деген айыппен үш тәулікке қамаған «Демократиялық партия» құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі Жанболат Мамайды босатуды талап етті.

    Полиция белсенділерді көлікке күштеп отырғызып алып кетті.

    Азаттық тілшілері оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратты:

    Митинг өтеді деп жарияланған күні Қазақстанның өзге қалаларда да белсенділерді ұстап немесе полицияға шақырып, кейбірінің үйінің сыртында торуылдап жүргені туралы хабарлар тарады.

    Алматыда таңертеңгі сағат 9.30 шамасында полиция белсенді Шарбат Қаржаубаеваны Бостандық аудандық полиция бөліміне алып кеткені туралы белсенді Даная Қалиева хабарлады. Оның айтуынша, полиция ұстау себебін түсіндірмеген. Өзінің полиция көлігінде кетіп бара жатқанын айтқан Қаржаубаева Азаттыққа өзін әуелі Жетісу аудандық полиция басқармасына апарғанын айтты. Ол жақта «адам көп болғандықтан» Бостандыққа апарған.

    Шымкентте жеті белсендінің ұсталғаны да хабарланды. Белсенді Мұрат Аштаевтың әйелі Мөлдір Нұранованың айтуынша, белсендіні таңертең үйінен алып кеткен. Ол әйеліне өзімен бірге тағы алты белсендінің полиция көлігінде отырғанын, олардың арасында Ерлан Файзуллаев та бар екенін айтқан. Оларды Әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне апарған.

    Сенбіге қараған түні тіркелмеген «Демократиялық партия» бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамайдың «рұқсат етілмеген митингіге шақырды» деген айыппен үш тәулікке қамалған. Мамайдың әйелі, журналист Инга Иманбайдың Азаттыққа хабарлауынша, сот адвокаттың қатысуынсыз өткен.

    Бұған дейін, 21 ақпан күні түс кезінде бастамашыл топтың өкілі Жанбол Рахматулланы Қарасай аудандық полиция басқармасына әкеткен.

    Былтыр қазанда Жанболат Мамай бастаған белсенділер елде саяси реформа жүргізуді мақсат тұтатын «Демократиялық партия» құратындарын жариялаған. 2019 жылы 26 желтоқсанда Әділет министрлігі бастамашыл топты тіркеген. Кейін Мамай 22 ақпанда Алматыда «Демпартияның» құрылтайын өткізетінін хабарлаған.​

    19 ақпанда бастамашыл топ Алматыдағы баспасөз мәслихатын өткізіп, «Демпартия» жақтастарына қысым жасалып жатқанын айтып, билікті айыптады. Мамай Алматыда 22 ақпанға жоспарланған құрылтайға келмек болған ондаған адам кедергі салдарынан жолға шыға алмай қалғанын, кейбірін билік әкімшілік жауапқа тартып, қамауға алғанын айтқан. Ол «қысымнан кейін» 22 ақпанға жоспарланған құрылтай өтпейтінін, оның орнына «митингіге шығатындарын» мәлімдеді.

    қатысты посттар

    Полиция Алматыда құлап жатқан адамдарға қатысты түсінік берді

    Фариза

    «Ұят, обал, әріптестерім үшін ұяламын» Меруерт Түсіпбаева Жанардың жерлеуіне қатысқан әріптестері туралы айтты

    Фариза

    Украина Тоқаевтың Қырым жайлы айтқанына қатты алаңдаулы

    Пікір қалдыру

    11 + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.