-3.1 C
Алматы
Среда, 18 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық Экономика

    Коронавирус тіркелмеген Қазақстанда маска да жоқ, бюджеттен бөлінген 2 млрд та жоқ

    Жылдың басынан бүкіл әлемді дүрліктірген қауіпті вирус қаншама уақыт өтсе де әлі басылар емес. Екі айға жуық уақыттың ішінде бір ғана вирустың кесірі біраз салаға тиді. Әсіресе, экономикасы ең қуатты саналатын елдердің бірі – Қытай халық Республикасының экономикасын құлдыратып жіберді. Қытайдың Ухан қаласынан шыққан таралуы тым жылдам коронавирус бүгінде әлемнің 30-ға жуық елдерінде тіркелген. Ал вирусты жұқтырып қаза тапқандардың саны 2500-ға жуықтады.

    Қытаймен шекаралас елдердің барлығы транспорт жолдарын тоқтатып, шекараны жауып тастағаны белгілі. Әрине, Қазақстан Республикасы да ақпан айының басында-ақ шекараны жауып тастаған. Вирустың эпи-орталығы аталған Ухан қаласынан, Хайнан аралынан және Қытайдың басқа да қалаларынан еліміздің азаматтарын арнайы бортпен алып келген болатын. Бірақ Қазақстанда әлі коронавирус жұқтырған адам тіркелмеді. Қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында халық біраз уайымдағанымен, айтарлықтай дүрліккен жоқ. Әлеуметтік желілерде хирургиялық масканы халық жаппай сатып алып жатыр деген секілді ақпараттар да таралған еді. Алайда, қалалық аптекалардың ешбірінен ондай абыр-сабыр байқалмады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі де Қазақстанда маска және басқа да медициналық перпараттар жеткілікті екендігін айтқан еді. Және де ҚР Үкіметі коронавируспен күресуге 2 млрд теңге бөлген. Ал қазір жағдай мүлдем басқа…

    Бюджеттен қаржының бөлінгене бір ай уақыт өтпей жатып, ол қаражаттың таусылғаны белгілі болды. Оның қайда жұмсалғанын сұраған журналистерге, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мардымды жауап бере алмады:

    «Шамамен 1 млрд теңге  санитарлық қызмет аясында медициналық қамтамасыз ету мен қажетті құрал-жабдықтарға жұмсалды. Оның ішінде қорғаныс материалдарын, жеке қорғаныс құралдарын, зертхана және диагностика жабдықтарын, тепловизор сатып алу және азаматтарды эвакуациялау бар. Расында бәрін айтып берер едім, бірақ менің оған құқығым жоқ» — деді Біртанов.

    Күні кеше Qazweek.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Алматы қалалық дәріханаларын аралап шығып, қарапайым хирургиялық масканы таппай қайтты. Белгілі болғандай, жергілікті дәріханаларда хирургиялық масканың таусылғаны кеше емес, 2-3 апта болған екен.

    Дәріхана қызметкерлерінің бірі «Екі аптадан маска жоқ. Тек дәріханаларда емес, еліміздің қоймаларында да таусылып қалған. Олардың барлығын Қытайға жөнелтіп жатыр» — дейді.

    Ақпарат ресми расталмады, десек те өзге дәріхананың қызметкерлері де бұл ақпараттың рас екенін айтып жатты. Ал бір дәріхананың қызметкері «маска бар ма?» деп сұрағаннан: «Маска вирустан қорғамайды, қазір дәріханалардың ешбірінде маска жоқ. Оның орнына «Оксолин» жақпа майын (мазь — ред.) қолданыңыз, соның пайдасы жақсырақ» дей жөнелді.

    Халық арасында ешқандай да дүрлігу жоқ, жергілікті тұрғындар жаппай маска сатып алып жатқан жоқ. Коронавирус елімізде тіркелмеген күннің өзінде дәріханалардан қарапайым халық маска таба алмай жүр. тағы бірер күннен кейін вирусқа қарсы перапараттардың ешбірін дәріхана сөрелерінен таппай қалмаймыз ба?

    Құдай қосқан көршіміз, әрине, десек те, өзіміздің халыққа жетпей тұрғанда, өзгеге бірнеше миллиондап апарып берген дұрыс па? Өзгелерді жарылқаймыз деп, өзіміз сан соғып қалмаймыз ба?

    Әлде «қара нарықтың кәсіпкерлері» қарапайым халықтың денсаулығына түкіргені ме?

    «Барлығы біздің бақылауымызда. Елімізде коронавирус тіркелген жағдайда онымен күресуге дайынбыз» деген ҚР Денсаулық министрлігі бір ғана масканы жеткізе алмай отырып қауіпті вирусқа қалай төтеп бермек? Біздің бар дайындығымыз осы ма?

    Біздің Үкімет Қазақстанға осындай қасірет келген жағдайда ғана қимылдай бастай ма?

    Назерке Лабихан

    қатысты посттар

    Жамбылцы отправили 33 тонны сена в Кызылординскую область

    Фариза

    «Балалар мен жүкті әйелдерге ғана салынады». Pfizer вакцинасы туралы не білеміз?

    Фариза

    Қытайдағы эпидемия 2011 жылы түсірілген америкалық фильмнің сценарийі секілді

    Пікір қалдыру

    twenty − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.