Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Димаш Құдайберген татар қызына ән арнады

    Татарстан астанасында жеке концертін өткізген Димаш Құдайберген өзінің бір компазициясын жанкүйері болған Лейсан Сейтназароваға арнады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

    Қазақстандық әнші Қазан қаласына ARNAU TOUR 2020 үлкен туры аясында келген. Ал әнін арнаған қыз — кішкентай кезінен бастап онкологиялық дертпен күресіп, көз жұмған Лейсан Сейтназарова.

    2019 жылы әншінің өзі хосписке пациентті көруге барған. Себебі, Лейсан сол уақытта сауықтыру еміне байланысты WorldSkills Kazan жабылу рәсіміне қатыса алмаған. Лейсан сүйікті әншісінің өзімен жолығуға келетінін білмеген. Ұйымдастырушылардың сөзінше, татар қызының сол кездегі әсерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

    Лейсан Димашпен кездескеннен кейін төрт айдан соң, 21 жасында көз жұмған. Әнші концертінде оны еске алып, «қарындасым» деп атады.

    қатысты посттар

    Гүлнұр Оразымбетова отбасы жайлы кітап жазбақшы

    Денис

    Алсудың қызы даулы оқиғадан соң алғаш рет мәлімдеме жасады

    Әнші Қарақат Әбілдинаның анасы өмірден озды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.