-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Денсаулық Саясат

    ШҚО тұрғындары дабыл қағуда: Халық Қытаймен шекара бекеттерін жабуды талап етті

    20 ақпан күні әлеуметтік желіге Зайсан тұрғындарының шекараға жақын Айнабұлақ, Сарытерек ауылдарындағы уақытша оқшаулау пункттеріне және Зайсанға қытай азаматтарының кіруіне қарсы халықты үндеуге шақырған аудио және видеолары тарады, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі

    19 ақпанда осы ауданға қарасты Сарытерек және Айнабұлақ ауылында тұрғындар Майқапшағай шекара бекеті арқылы Қытайдан бері қарай өткен бір топ жолаушыны осы елдімекендерге әкеліп, карантинге жатқызуға қарсылық білдіріп митингіге шыққан.

    https://youtu.be/tWpOQluPAko

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездескен тұрғындар өздерінің талаптарын айтып, шекара бекеттерін ашпауын өтінген.

    Ал облыс әкімі Даниал Ахметов халықты сабырға шақырып, тұрғындардың шағымын тыңдады.

    Бұған қатысты облыстық басқарма басшысы мәлімдеме жасады.

    «Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары!

    Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа түрінің басталуы және инфекцияның әкелінуі мен таралуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасарының шешіміне сәйкес, 2020 жылғы 20 ақпаннан бастап келесі іс-шаралар еңгізіледі:
    1. Ағымдағы жылғы 20 ақпанда Қытай Халық Республикасынан (бұдан әрі – ҚХР) келген адамдарды 14 күн бойы өңірлік провизорлық стационарда оқшаулай отырып, кейіннен медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарында медициналық бақылау арқылы тұрғылықты жері бойынша шығарылғаннан кейін 10 күн бойы карантин (күн сайын қоңырау шалу);
    2. Тіркелген коронавирустық инфекция (бұдан әрі – КВИ) жағдайларының саны 10 жағдайдан астам КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдерден келген адамдарды Қазақстан Республикасының (бұдан әрі — ҚР) шекарасынан өткен күннен бастап МСАК-тың орта буынды медицина қызметкерінің үйге күнделікті баруы арқылы 14 күн бойы үй карантинін (өзін-өзі оқшаулауды) және одан әрі 10 күн ішінде тұратын жері бойынша МСАК -тың медициналық қадағалау (күн сайынғы қоңырау шалу);
    3. Тіркелген КВИ жағдайларының саны 10 жағдайға дейін КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдерден келген адамдарды тұратын жері бойынша ҚР шекарасынан өткен күннен бастап 24 күн бойы МСАК-та медициналық бақылауға алынады;
    ҚХР шекарасына жақын жатқан Зайсан және Үржар аудандарында ҚХР-дан келген Қазақстан азаматтарын бақылау үшін жалпы саны 295 төсектік жеке тұрған ғимараттардағы карантинді стационарлар дайындалды. Бұл келген барлық адамдар, біріншіден біздің жерлестеріміз, екіншіден, ауру белгілері жоқ дені сау адамдар.
    Шығыс Қазақстан аумағына ҚХР шекарасы арқылы келген әрбір адамды шекарада медицина қызметкерлері тексеріп жатыр. Егер адамда шағым болмаса, дене қызуы қалыпты жағдайда, жөтел мен тұмау болмаса, онда олар Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес обсервациялық төсекке бақылауына, емделусіз орналастырылады. Егерде келген азаматтарды тексеру кезінде вирусты инфекция ауруының белгілері анықталса, оларды бірден инфекциялық ауруханаға жатқызады. Сондай-ақ, егер осы обсервациялық ғимараттарда карантиндегі адамдарда ауру белгілері анықталса, біз оларды оқшаулап, кейіннен емдеу үшін жұқпалы аурулар бөлімшесі мен бокстарға ауыстырамыз.
    Семей және Өскемен қалаларында фтизиопульмонологиялық ауруханаларында 110 орындық төсек-орын дайындалды. Керекті жағдайда Шемонаиха ауданындағы Уба санаториінде 250 орын, Алтай ауданындағы Грехово санаториінде 80 орын және Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылындағы туберкулезге қарсы диспансерде 100 төсектік бақылау ауруханалары орналастырылатын болады.
    Осылайша облыс бойынша барлығы 835 обсервациялық төсек дайындалды.
    Біздің отандастарымыздың осындай обсервациялық стационарларда болу мысалдарының бірі- ҚХР Ухань қаласындағы карантин аймағынан шығарылған еліміздің 254 азаматы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантинге жатқаны бәрімізге мәлім. Бүгінгі таңда олардың барлығы үйлеріне жіберілді.
    Сондай-ақ, облыста 1023 жұқпалы төсек және жеке 80 бокстар бар. Медициналық ұйымдар маскалармен, қолғаптармен, қорғаныш костюмдерімен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді, — дейді Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ілияс Мұхамеджан
    Шығыс Қазақстан Облысы.

    Фото: kznews.kz

    қатысты посттар

    Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақтың тілі – қазақтың жаны!

    «Қазақстан түймедейді түйедей етті» Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо жуырда жария болған «Қазақстан неліктен Қытайға оралуды аңсайды» атты атышулы мақалаға пікір білдірді

    Фариза

    «Данагүл Тасованы енді алаңға шығарып дүре соғамыз» — депутат Әлімжанов

    Пікір қалдыру

    18 + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.