5 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Павлодарда Тайландтан келген бір отбасы коронавирус жұқтырды деген күдікпен инфекциялық бөлімге жатқызылды

    Петропавл қаласында “коронавирус жұқтырды” деген күдікпен төрт адам ауруханаға жеткізілді. Төртеуі де бір отбасының мүшелері, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    Осыдан бір күн бұрын әлеуметтік желілерде арнайы киім киген медицина қызметкерлерінің екі көлікпен адамдарды әкетіп бара жатқан видеосы тараған болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәселенің мән-жайын түсіндірді. Ресми мәліметке сәйкес, бір отбасының мүшелері Тайландтан келіп, дене қызуының көтерілгенін байқаған.

    “Ерлі-зайыптылар екі баласымен Тайландтан ұшып келген. Дене қызуы болды. Барлығын “коронавирус жұқтырды” деген күдікпен инфекциялық бөлімге жатқызды. Олар тексерістен өтті. Зертханалық сынамалардың нәтижесінде коронавирустық инфекция анықталған жоқ. Медицина қызметкерлері тәртіп бойынша әрекет етті”, – дейді мамандар.

    Қазіргі кезде әйел балаларымен бірге инфекциялық бөлімде жатыр. Ал ер адам қалалық ауруханаға ауыстырылды. Төртеуінің де жағдайы қалыпты.

    қатысты посттар

    “Бұрынғы заманда жөзекше болмаған деп әңгіме айтпаңдар…”

    “Балама зорлық көрсеткендер әлі жұмыс жасап жүр” ШҚО-да әскерде қаза тапқан сарбаздың ата-анасы әділдік іздеп жүр

    Фариза

    Шымкентте «АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» атты онлайн жүйеде халықаралық мәдени-ағарту форумы өтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.