-5.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Арызыңды жаз да, бар» Амандық Баталов Талдықорған қаласы әкімінің орынбасарына жұмыстан шығу туралы өтініш жазуын талап етті

    Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асхат Қалиасқаровқа жұмыстан шығу туралы өтініш жазуын талап етті деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.K-ке сілтеме жасап.

    Халықпен кездесу барысында Талдықорған тұрғыны өңір әкіміне шағымын айтқан.

    Әйел 21 жылдан бері пәтерінің құжаттарын рәсімдей алмай жүр. Ол бұған дейін облыс әкіміне жүгінген, ал әкім істі Асхат Қалиасқаровқа тапсырыпты. Тұрғынның сөзінше, осыған қарамастан оның мәселесі әлі шешілмепті.

    «Маған Асхат Мейрамғалиұлы «Егер сіз Амандық Баталовқа кірсеңіз мәселем шешіледі деп ойлайсыз ба? Қаншама миллион тұрғын бар, егер мен бәріне көмектессем кім қалады?» деді. Менің ақшам болса, көмек сұрар ма едім? Мен маған ақша не пәтер беруді сұрап отырған жоқпын ғой. Мен өз ата-анамның пәтерін рәсімдей алмай жүрмін. Үй базада тұрған жоқ, тіркеуден өтпеген, берілмеген», — дейді әйел.

    Тұрғынның шағымын тыңдаған Амандық Баталов әкім орынбасары Асхат Қалиасқаровты өзіне шақырып, тапсырманың не себепті орындалмағанын сұрады.

    «Nur Otan» партиясының өкілдерімен бірлесіп шешім қабылдау және комиссия құру керек», — деді Алматы облысының әкімі.

    Осыдан соң Амандық Баталов нақты тапсырманы орындамаған шенеуніктен орнын босатуын талап етті.

    «Маған құрғақ сөз керек емес. Арызыңды жаз да, бар», — деді Баталов Талдықорған әкімінің орынбасары Асхат Қалиасқаровқа.

    Өңір басшысы қала әкіміне босаған орынға лайықты кандидат табуды тапсырды. Алматы облысы әкімдінің хабарлауынша, Асхат Қалиасқаровты жұмыстан шығару туралы тапсырма берілген.

    қатысты посттар

    Зайсанда шындығында не болған? Жергілікті әкімдік түсінік берді

    Фариза

    Төтенше жағдайда Парламентті таратып, шығынды азайту керек — Бауыржан Серікбаев

    Фариза

    «Бизнес по-Шымкентски!» Халықтың үрейі мен ажиотажды пайдаланып пайда табушылар көбейді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.