-9.1 C
Алматы
Пятница, 16 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатҚоғамСаясат

    «3 күн уақыт беріңіздер…» — Даниал Ахметов Зайсан тұрғындарымен кездесті

    Зайсан халқы 19 ақпаннан бері Қытай Халық Республикасынан келген адамдарды 14 күн бойы өңірлік провизорлық стационарда оқшаулау шарасына наразылық білдіріп, бас көтерді.

    Зайсанның Сарытерек және Айнабұлақ ауылдарында наразылыққа шыққан халықты басуға облыс әкімі Даниал Ахметов бастаған шенеуніктер келгенмен, аудан халқы түсіндіру жұмыстары болмағанын айтып, сенімсіздік білдіріп, шекарадан белгісіз азаматтардың өткенін алға тартады.

    — Шекарадан ешқандай өзге елдің азаматтары өткен жоқ. Бірақ шекараның арғы жағында 5 зайсандық азамат тұр. Олардың денсаулығын 14 күн бақылау үшін Өскеменге алып кетеміз. Ал мұндағы 42 Қытай азаматын Үкіметбасымен ақылдасып, өз еліне жіберу шарасын шешеміз, тек 3 күн уақыт беріңіздер! — дейді Даниал Ахметов.

    Оған көнбеген бір топ халық облыс басшылығымен бірге «Син-син» компаниясының жұмыскерлері тұрақтаған 9-базасына келіп, төлқұжаттарын өз көздерімен көріп, елден 3 сағаттың ішінде кетуін талап етуде.

    Фото: Nur.kz

    қатысты посттар

    Алматыда Владимир Жириновский мен Қуат Ахметовтің сүйіскен суреті салынды

    Фариза

    Оралда педофил деп айыпталған күдікті тергеушіге пара бермек болған

    Фариза

    «Қызметімнен кетуге дайынмын». Серік Сәпиев жемқорлық күдігіне ілінген орынбасары жайлы пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.