Пятница, 6 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • ҚоғамОқиға

    Қордайдағы қақтығысқа қатысты 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды, оның 11-і адам өлтіру дерегі бойынша

    Қордайдағы қақтығысқа қатысты 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды, олардың 11-і адам өлтіру дерегі бойынша. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Бүгінде 100-ден аса адамнан жауап алынды, процессуалдық іс-шаралар жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Барлық қажетті процессуалдық дәлелдерді алған соң кінәлілер жауапкершілікке тартылады», — деді Қожаев.

    «Қылмыстық істер өте көп, оған қоса, күнделікті тағы қосылып жатыр. Себебі қақтығысқа қатысты жаңа деректер шығып жатыр. Бүгінде 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды», — деді ол.

    Ведомство өкілі нақты қанша адамның ұсталғаны жайлы мәліметті кейінірек айтуға уәде берді.

    Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған болатын.

    қатысты посттар

    Сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялап жатыр (видеотрансляция)

    Арон Атабектің жақындары оның денсаулығы жайлы айтып берді

    Фариза

    Яссауи кесенесіне келушілерге 500 литр наурыз көже таратылды

    Пікір қалдыру

    five + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.