-1.1 C
Алматы
Четверг, 19 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • ҚоғамОқиға

    Қордайдағы қақтығысқа қатысты 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды, оның 11-і адам өлтіру дерегі бойынша

    Қордайдағы қақтығысқа қатысты 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды, олардың 11-і адам өлтіру дерегі бойынша. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Бүгінде 100-ден аса адамнан жауап алынды, процессуалдық іс-шаралар жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Барлық қажетті процессуалдық дәлелдерді алған соң кінәлілер жауапкершілікке тартылады», — деді Қожаев.

    «Қылмыстық істер өте көп, оған қоса, күнделікті тағы қосылып жатыр. Себебі қақтығысқа қатысты жаңа деректер шығып жатыр. Бүгінде 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды», — деді ол.

    Ведомство өкілі нақты қанша адамның ұсталғаны жайлы мәліметті кейінірек айтуға уәде берді.

    Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған болатын.

    қатысты посттар

    Пікір білдіре алмаймын — Тұрғымбаев Аяжан Еділованың өліміне қатысты

    Фариза

    «90 пайызы күйік шалған» Өзін-өзі өртеген әйелге өрт сөндірушілер сусыз келді

    Фариза

    «Карантинде аш отырғандар қайда?» Қазақтың қадірлі қонағына ғана қоятын малдың басы бүгінде қоқыстарда жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.