Белгілі кәсіпкер, «Бизнес бастау» кәсіпкерлер мектебінің жетекшісі Ахметбек Нұрсила «Ашық алаң» бағдарламасында қазіргі шоу бизнес өкілдеріне өкпесін айтып, оларды «халықты топастандырып жатыр» деп айыптады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап.
«Жұлдыз дегенді қайдан тауып алғандарын білмеймін, мен «шегіртке» деп атаймын оларды. Миллиондап оқырман жинап алған шетінен шегірткелер. Дамыған елдерде мұғалім, дәрігерлер, ғалымдар және кәсіпкерлер жұлдыз болуға тиіс. Біздікілердің халықты топастандырғаннан басқа еш пайдасы жоқ. Сол себепті мен «инстаграммның» атын «топастанграмм» деп қойдым қазір»,- деді кәсіпкер.
Сондай-ақ, ол оңай олжалы болу үшін лотерея ойнатып жатқан шоу бизнес өкілдері мен қоғам белсенділерін сынға алды.
Айта кетейік, «Ашық алаң» бағдарламасында әлеуметтік желіде «жеңіл» бизнес, жасап, лоторея ойнатып жүргендердің жайы қозғалған болатын.