Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Есірткіге тәуелді Айсұлтан шетелде отырып, халықты ереуілге шақыратындардың қуыршағына айналып бара ма?

    Жылдың басынан түрлі жазбаларымен елді шулатқан Айсұлтан Назарбаев біршама уақыт өткеннен кейін тағы да өзінің Facebook парақшасында жазба жариялады, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айында Айсұлтан Назарбаев түрлі мазмұнда посттар жариялап, отбасының «біршама былықтарын» бүкіл әлемге әшкере еткен болатын. Ол Лондондағы ауруханалардың бірінде отырып, елдегі журналистермен әлеуметтік желі арқылы байланысып, өзінің ойын толығырақ айтып берген еді. Бастапқыда желідегі парақшасында өзінің ойын астарлап бір-екі ауыз сөзбен ғана жеткізіп отырған Айсұлтанның кешегі жариялаған посты елдің ойын сан-саққа жүгіртті.

    «Бірнеше уақыттан бері Facebook желісіне кіре алмадым, менің аккаунтымды анам мен Әлнұр Мұсаев жүргізіп отырды. Ал мен түрмеде отырдым және отбасыммен көп мәселелер болды. Менің атам сіздерде барлық мән-жайды айтып бере алады. Ата, біз жеңдік!» — дәл осылай Айсұлтан өзінің желідегі парақшасында жазба жариялап, артынша осы секілді бірнеше посттар шығарған болатын.

    Алғашында желі қолданушылары Айсұлтанның парақшасын әлдебіреулер бұзып, соның атынан жазып отыр деп топшыдаған болатын. Алайда, журналистермен байланысқа түскен Айсұлтан барлық жазбаларды өзге емес, өзі жазып отырғанын айтқан.

    Айсұлтанның бұл жазбаларына қатысты халық түрліше пікір білдіріп, әркім өзінше пайымдаған болатын. Біршама уақыттан соң Қазақстанда тыйым салынған партия басшысының тікелей эфирге шығып, бұл жағдайға байланысты өзінің пікірін білдірді. Сәйкестік пе? Әлде Айсұлтанның жағдайын өз пайдасына асыру ма, оны білмедік…

    Кейіннен біраз күнге көпшіліктің назарынан тыс қалған Айсұлтан ағымдағы айдың басында тағы бір пост жариялап, өзіне қолдау білдірген адамдарға алғысын айтқан еді. Өзінің өткен өміріне шолу жасап: «Еш мәні қалмаған мына өмірде сіздер үшін бір жақсылық жасай алмадым» деп пікір білдірген болатын.

    Ал кеше жариялаған жазбасында Айсұлтанның ойы басқа арнаға бұрылғанын байқауға болады.

    Елдегі саяси жағдайларға ешқашан да араласпаймын деген Айсұлтан, бүгінде халықты төңкеріс жасауға шақыруда. Тіпті, оның жазу стилі мен мәтінінің мазмұны да өзгергенін байқадық. Мұның астарында не жатыр екен, ол әзірге белгісіз. Десек те, мұндай мазмұнды посттарды қазіргі таңда бәзбіреулердің жазып, халықты ереуілге шақырып жүргендердің бар екені баршамызға мәлім. Есірткіге тәуелді болып қалған Айсұлтан шетелде отырып, халықты ереуілге шақыратындардың қолындағы қуыршағына айналып бара ма?

    Назерке Лабихан

    Фото: neonomad.kz

    қатысты посттар

    «Шағымы жоқ…» Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты пікір білдірді

    “Қазақ қазақты сатқан” деген қасаң пікірден құтылуымыз керек

    Фариза

    «Көрмегенді көрсетеміз»: Путин қақтығысқа сырттан ешкімнің араласпауын сұрады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.