-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    «Мұның артында жымысқы ой тұр» — Абаев Назарбаевтар отбасы туралы айтты

    Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, парламент сенатының қазіргі спикері Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік желіде жазғандарына қатысты пікір білдірді.

    «Хабар» аранасындағы «Ашық диолог» бағдарламасына келген Абаев Айсұлтан Назарбаевтың біраздан бері психикалық аурумен ауырып жүргенін айтты. Оның сөзінше, Айсұлтан Назарбаев айтқан ақпараттар шындыққа жанаспайды.

    — Бұл мәселе бойынша ағайынға айтқым келеді. Қазір жалпы біздің қоғамда ғана емес, әлем бойынша да өтірік пен шын ақпаратты ажырату — үлкен мәселе болып тұр. Кейбір топтар жалған ақпарат таратып, үлкен компаниялардың, жеке адамдардың, тіпті, бүтін бір елдің абыройына нұқсан келтіріп жүргенін көріп отырмыз. Бірақ мұның артында жымысқы ой пайда көру ниеті тұрады. Және мұндай мысалдар біздің елде де көбейіп кетті. Мұның соңы арандап қалуға әкелуі мүкін. Айсұлтанға қатысты да осыны айтқым келеді. Ағайын, бұл — бірінші кезекте оның анасының трагедиясы. Ана үшін баласынан асқан қандай қымбат нәрсе болуы мүкін? Және айтқым келетін тағы бір маңызды дүние бар. Кейбіреулер осы оқиғаға Елбасын араластырғысы келеді. Шу жасап, елді дүрліктіруге тырысады. Бірақ халықтың бағына туған жақсымызды қаңқу сөзге қалай қиямыз? Өзіңіз ойлаңызшы, экономикасы құлдыраған, жоқ болып кеткен, өндірісі тоқтаған елді  30 жылда қазіргідей деңгей көтеру кімнің қолынан келді? Қазақ қашанда ел үшін туған ерлерді бағалаған, төбесіне көтерген, абыройын сақтаған. Бабалар айтқандай, «Бетеге кетсе — бел қалар, берекең кетсе — нең қалар?». Ағайын, сондықтан берекемізді бағалайық. Жел сөзге еріп жақсы істі жоққа шығармайық, — деді Абаев.

    Қаңтар айында Айсұлтан Назарбаев «маған қауіп төніп тұр» деп мәлімдеген.  Ол қазақстандық журналистерге берген сұхбатында өзіне қауіп анасынан төніп тұрғанын, Нұрсұлтан Назарбаев атасы емес, биологиялық әкесі екенін айтқан еді. Кейіннен Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы, сырттай 10 жылға сотталып қазір Венада тұрып жатқан Әлнұр Мұсаев Айсұлтан Назарбаевтың ДНК сараптамасын жариялаған болатын. Мұсаев желіге жариялаған құжатта Айсұлтанның әкесі Дариға Назарбаевның бұрынғы күйеуі Рахат Әлиев екені көрсетілген. Ал Назарбаевтар отбасы бұл жайтқа қатысты ешқандай ресми ақпарат берген жоқ.

    https://youtu.be/CiHbX4IE310

    Өткен жылы қазанның 18-і күні Лондон соты Айсұлтан Назарбаевқа бір жыл шартты жаза кесті. Британиялық БАҚ-тардың жазуынша, ол 2019 жылы маусым айында британ полициясына қарсылық көрсеткені үшін жауапқа тартылған. Назарбаевтар отбасы Айсұлтанның Ұлыбританияда ұсталғаны және сотталғаны жайлы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

    1990 жылы 26 тамызда өмірге келген Айсұлтан Назарбаев – Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеп, 2019 жылы наурызда өз еркімен президенттік қызметтен кеткен (бірақ елдегі биліктің бір тармағын ұстап отырған)  Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мен Австрия түрмелерінің бірінде көз жұмған қазақстандық шенеунік Рахат Әлиевтің ұлы.

    Қазақстандық ақпарат құралдарының жазуынша, Айсұлтан Назарбаев бала кезден футболға қызыққан. 2006 жылы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының сапында Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысқан. «Челси» және «Портсмут» жастар командалары мен қазақстандық «Астана» командасында ойнаған.

    Ол Ұлыбритания королдігінің «Сандхерст» әскери академиясын тәмамдаған. Айсұлтан оқуын бітіріп, Қазақстанға оралған соң елдің қорғаныс министрлігінің барлау басқармасында қызмет етті. 2017 жылы 7 айдай Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметін атқарды.

    Айсұлтан Назарбаев 2013 жылы «ҚазРомГаз» АҚ басшысы, алматылық «Қайрат» футбол клубының қожайыны Қайрат Боранбаевтың қызы Алима Боранбаевға үйленді. 2016 жылдың жазында олардың Амели есімді қызы дүниеге келді.

    қатысты посттар

    Басшы болудан дәмелі шенеунік әкім лауазымын 50 мың долларға сатып алмақ болған

    Алматыдағы Арбатта да полиция азаматтарды ұстап жатыр (видео)

    Фариза

    «Әкемнің қасына отыруға таласамыз: Жәкішевтың баласы оның қазіргі бостандықтағы өмірі жайлы айтып берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.