-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қазақстанда әйелдерін ұратын ер азаматтарды көше тазалауға жіберу ұсынылды

    Қазақстанда әйел адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған жол картасы дайындалды. Құжат нәзік жандылардың қоғамдағы рөлін арттыруды көздейді деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

    Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы төрайымының айтуынша, отбасында зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйел адамдар өздерінің денсаулығына ғана емес, сондай-ақ психикасына қатысты проблемаларға тап болады.

    Ұйым жазаның бір түрі ретінде жұбайларына қол көтеретін ер азаматтарды көше жұмысына жегуді ұсынды. Осылайша, әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тойтарыс бермек.

    Телеарнаның мәліметінше, елімізде әйелдер қауымы ел тұрғындарының 52 пайызын құрайды.

    Өткен жылы «Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы» Алматыда әлеуметтік зерттеу жүргізген. Соның нәтижесінде, қыз-келіншектердің зорлық-зомбылыққа жиі ұшырайтыны және ең төменгі жалақы алатыны анықталған.

    «Алматыда әлеуметтік сауалнама жүргізіп біраз ақпарат жинадық. Алдымен әйелдерге қиын жағдайда құқықтық көмек көрсететін байланыс орталығын құрмақпыз. Арнайы портал іске қосылады. Кәсіпкерлікті дамытуға да басымдық берілмек», — дейді «Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы» төрайымы Раушан Сәрсембаева.

    қатысты посттар

    Қостанай облысында ер адам ауған азаматтарын Қазақстанға кіргізбек болған

    Фариза

    Дариға Назарбаева Қытай елшісімен кездесуде этникалық қазақтар проблемасын көтерді

    Шымкенттегі атыс: Халыққа тегін дәрі-дәрмек таратқан жігіт жансақтау бөлімінде жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.