-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасына байланысты Елбасы мен Дариға Назарбаевадан жауап алуға шақырды

    11 ақпанда Алматыда осыдан он төрт жыл бұрын жанындағы екі серігімен бірге қастандықпен өлтірілген оппозиция қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алды. «Астана» қонақ үйінде өткен шараға саясаткерлер, азаматтық белсенділер, құқық қорғаушылар мен жазушылар қатысып, марқұм туралы естелік айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы журналист Рысбек Сәрсенбай шарада оқыған «Арнаулы баяндама» атты үндеуінде бауырының қазасына байланысты елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның үлкен қызы, қазір парламент сенатының спикері Дариға Назарбаевадан жауап алуға шақырды.

    «Қазаның құпиясы әлі толық ашылмады. Тапсырыс берушінің аты-жөні нақты аталмады. Негізгі күдіктілер тасада қалып қойды. Назарбаев күйеубаласы [Рахат] Әлиевті дер кезінде жауапқа тартқан жоқ» деді ол.

    Рысбек Сәрсенбай туысының қазасына байланысты күдікті ретінде экс-президент пен оның қызынан жауап алуды талап ететінін мәлімдеді.

    «Ол үшін «Елбасы туралы заң» (Назарбаевтың заңмен бекітілген бұл мәртебесі оны кез-келген қудалаудан қорғауға кепілдік береді — ред.) жойылсын. [Қазақстан президенті Қасым-Жомарт] Тоқаев осы талабымызды орындасын» деді Рысбек Сәрсенбайұлы. Сонымен бірге ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, қазір шетелде тұратын Әлнұр Мұсаев та жауапқа тартылуы керек деп санайды.

    Қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмысқа байланысты жүргізілген ресми тергеуден кейін, Қазақстан соты қастандықты «кек алу мақсатымен» ұйымдастырушы деп таныған парламент сенаты аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаевты және қылмысқа қатысы бар деген айыппен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бірнеше офицерін соттады. Тапсырысты орындаушы ретінде өмір бойына түрмеге қамалған полицияның бұрынғы қызметкері Рустам Ибрагимов кейін соттағы сөзінен айнып, жаңа куәлік берді. 2014 жылы желтоқсанда Сәрсенбайұлының қазасы туралы істі қайта қараған сот Рүстем Ибрагимовтың мәліметтері негізінде, Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевты кісі өлтіруге тапсырыс беруші ретінде таныды. Ол екеуі өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарған.

    Өзінің «Өкіл қайын ата» кітабында саясаткерді қастандықпен өлтіруге тапсырыс берген адамдарды «Қазақстанның жоғарғы басшылығы арасынан іздеу керек» деп жазған Рахат Әлиев 2015 жылы 24 ақпанда Вена түрмесіндегі камерадан өлі күйінде табылды. Австрия билігі Әлиев «өз-өзіне қол салған» деп мәлімдеген еді. Кей сарапшылар бұған күмән келтіреді.

    2014 жылы қарашада сот шешімі бойынша бостандыққа шыққан Ержан Өтембаев 2018 жылы маусымда қайтыс болды. Онымен бірге сотталған ҰҚК-нің «Арыстан» арнайы бөлімінің қызметкерлері түрмеден босап шыққан.

    Совет одағы тарамай тұрғанда Қазақстанда билік басына келген Назарбаев былтыр наурызда кенеттен президенттік өкілетін тоқтатқан, бірақ оның қолында мемлекетті басқаруға ықпал ететін тетіктер әлі бар. Әкесі президенттіктен кеткен күні оның үлкен қызы Дариға Назарбаева мемлекеттік билік иерархиясында екінші боп тұрған жоғары лауазымды қызметке – парламент сенатының спикері болып отырды.

    Құқық қорғаушылар мен оппоненттері Назарбаевты саяси оппозицияны басып-жаншып, авторитарлы билік жүйесін орнатқан, сынға төзбейтін жеке-дара билеуші деп атаған.

    қатысты посттар

    Тәуелсіздік күні белсенділерді ұстау жалғасты (видео)

    Фариза

    «Менің көзімді кұртқың келді ме, жоқ сені тағы сатып алды ма?» Марғұлан Сейсенбай Мұхтар Тайжанның әрекеттерін әшкере қылды

    Фариза

    «Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады ?» Қытайлар Қазақстан туралы даулы мақалада не жазды?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.