-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    «Өсек таратуды доғарыңыздар. Мен сіздерге дүнген ретінде айтамын…» — Мәжіліс депутаты Қордайдағы қақтығысқа байланысты ағынан жарылды

    Мәжіліс депутаты Шәкір Хахазов өз қандастарын байбалам салуды доғарып, ел-жұртқа жақсы қырынан көрінуге шақырды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

    «Әңгіменің турасын айтайық. Иә, біз дүнгендер дәулетті тұрамыз, ақша бар, жұмыс та істей аламыз. Бір-бірімізді бағалай білеміз. Бірақ, сол ақша кей кезде бізді бұзады. Жолда жарысамыз, жылдамдықты асырамыз, көлікті жолдың ортасына қалдырамыз, базарда саудаласамыз. Осы дұрыс па? Бізде астанада да дүнгендер бар. Ақшасын беріп тұрсаң да, саған керек қой, өзің ал деп тұрады. Бұл не қылған қызмет көрсету мәдениеті? «, — деп ашуланды Хахазов дүнгендермен кездесуде.

    Ол ел арасында арандатушылық бар екенін, сондықтан оған еріп кетпеуге үндеді.

    «Мен мұнда депутат ретінде келіп отырған жоқпын. Менімен сөйлесіп жүрген дүнгендердің барлығы біледі. Мен өндірісте істегенмін, құрылысшымын. Мені мәжіліске екінші мәрте келуге көндірді. Мен ол жұмыстың қандай екенін жақсы білемін. Және бұрынғы комсомол мен партиялық қызметті көргенмін. Ол жақта жұрт бекерден бекер отыр дейсіздер ме? Ең бастысы, біздің ұлтымызға қандай қолдау жасалып жатыр. Түсінесіздер ме?!», — деп ашынды депутат.

    Хахазов, осы орайда өз қандастарына өтініш жасады.

    «Қаласаңыздар, тізерлеп отырайын, өзіміздің бірлігімізді, адамгершілігімізді, мәдениетімізді көрсетейік. Байбалам сала бермеңдер. Бәрі рет-ретімен жасалады. Егер сіздердікі дұрыс болып, басқалар бұрыс жасаса, заң алдында жауап береді. Бәрі түсінікті ме?», — деді ол.
    Айтуынша, ол Қордай ауданында барлық мешіт, шекараларды аралап шыққан. Батыр Бұлар, Аухатты ауылдарында болған.

    «Маған халықаралық ұйымнан хабарласып жатыр. Хахазов қайда дейді? Ұят дегенді білу керек қой! Мен кеденде генералмен бірге жұрттарды өткізіп жүрмін. Оны ешкім көрмейді. Өсек таратуды доғарыңыздар! Мен сіздерге дүнген ретінде айтамын. Мен де сіздер секілді дүнгенмін, қаным да, жаным да бір. Эмоция үшін кешіріңіздер. Менің де ішім өртеніп жатыр», — деп дауыс көтере сөйледі Хахазов.

    Депутат заңсыздық пен тәртіп бұзушылық көп екенін жасырмады. Қордайда жүрген үкіметтік комиссияның мүшелерін де бұл жайдан хабардар еткен.

    https://youtu.be/Kwk0KnJiSM8

     

    қатысты посттар

    Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

    Фариза

    Қазақстандықтарға Алматыға кіру және шығу үшін 72 сағат берілді

    Фариза

    Путинмен кездескен экс-президент мәлімдеме жасады

    Пікір қалдыру

    3 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.