-5.1 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Тоқаев Жээнбековпен телефон арқылы Қордайдағы оқиғаны талқылады

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлйды Qazweek.kz қпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаны талқылады.

    Қырғызстанның көшбасшысы қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы тату көршілік, серіктестік пен одақтастық Орталық Азия аймағындағы тұрақтылықты сақтаудың маңызды факторы саналатынын атап өтті.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы ІІМ-геЖамбыл облысындағы ахуалды қатаң бақылауға алып, азаматтардың қауіпсіздігіне және еліміздің абыройына нұқсан келтіретін осындай оқиғаларға жол бермеу мақсатында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды.

    Қоғамдық тәртіпті бұзып, кісі өліміне және дүние-мүліктің бүлінуіне әкеп соқтырған бұзақылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылуы тиіс.

    қатысты посттар

    Алматы мен Шымкентте белсенділер Дулат Ағаділдің өліміне байланысты түсініктеме сұрап ұсталғандарды босатуды талап етті

    Фариза

    Асқар Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты

    Фариза

    Қытай азаматтарына Қазақстанға визасыз кіруге рұқсат берілді

    Пікір қалдыру

    five × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.