-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Кінәлілер жауапқа тартылады» Тоқаев Қордайдағы жаппай төбелестен қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

    Жамбыл облысы Қордай ауданында тұрғындар арасында болған төбелеске байланысты қаза тапқандардың отбасына Президент Қасым- Жомарт Тоқаев көңіл айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

    Бүгін түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес, жанжал болды.

    Бұл ахуалды арандатушылар өз мақсатына пайдаланды. Өкінішке қарай, бұл оқиға кезінде адам шығыны болды.

    Мен қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін.

    Қазір полиция мен Ұлттық ұлан бұл жағдайды бақылауға алды.

    Осыған орай, мен Үкімет комиссиясын құруды тапсырдым.

    Оған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаев төрағалық етеді.

    Үкімет комиссиясы болған оқиғаның себебін анықтайды.

    Жамбыл облысы әкімімен бірлесіп, қаза болғандарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарынұйымдастырады.

    Сондай-ақ, жағдайды тұрақтандырумен айналысады.

    Қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатын болады.

    Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті тапсырма бердім.

    Мемлекетіміздің мүддесіне зиян келтіретін, береке-бірлігімізді бұзатын және жалған ақпарат таратқан азаматтар заң алдында жауап береді.

    қатысты посттар

    «Шындығында мемлекетке кім масыл болып отырғанын байқаған шығарсыздар?»

    Фариза

    Түркияда депуттар жаға жыртысып, бір-біріне орындық лақтырды (видео)

    Фариза

    «Жер дауы» бойынша сотталған Талғат Аян мерзімінен бұрын босатылды

    Пікір қалдыру

    20 + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.