-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Қазақстанда депутаттар мен судьяларға сыйлық беруге тыйым салынбақ

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүйелі түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жаңа шараларды енгізеді. Тиісті түзетулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасына енгізілген. Құжат бүгін парламент мәжілісіне қаралымға берілді деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Заң жобасында түзетулердің үш блогы қарастырылған. Түзетулердің бірінші блогы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жүйелі түрде қосымша шаралар қолдануға бағытталған.

    Атап айтқанда, Азаматтық кодекс мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтар беруге тыйым салады. Ал қолданыстағы заңда мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық беруге рұқсат етілген. Алайда олардың құны 10 АЕК немесе 26 510 теңгеден аспауы керек.

    Сонымен бірге сыйлық беруге тыйым салынатын адамдардың шеңбері кеңейтілді. Олардың қатарына жауапты мемлекеттік лауазымға ие тұлғалар да кірген. Оның ішінде парламент пен мәслихат депутаттары, судьялар, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген тұлғалармен теңестірілген адамдар бар.

    Сонымен бірге, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қойылған адамдардың отбасы мүшелеріне де материалдық сыйақыларды, сыйлықтар мен қызметтерді қабылдауынаа тыйым салынады.

    Түзетулердің екінші блогы олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға бағытталған.

    Түзетулердің үшінші блогы Ұлттық бюроның Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне айналуымен, МҚІСЖҚА функциясын сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі қызметке ауыстырумен байланысты.

    Еске сала кетсек, бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ШҚО әкімдігінде жоғары лауазымды қызмет атқаратын екі шенеунік 35 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктенгені хабарланған.

     

    қатысты посттар

    Ағылшын тілін алып тастауды жоспарлап отырмыз — Білім және ғылым министрі

    Фариза

    Түркияда депуттар жаға жыртысып, бір-біріне орындық лақтырды (видео)

    Фариза

    Заңсыз митингке шыққандарға заңды шаралар қолданылмақ

    Пікір қалдыру

    4 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.