Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Дұнғандар мылтықпен атып жатыр, келіңдер, жігіттер» Қордайда мылтық ұстап жүргендер елді шошытты (видео)

    Әлеуметтік желіде Қордайда орын алған жанжал туралы видео тарады. Аталған видеода бір жігіт: Дұнғандар мылтықпен атып жатыр, келіңдер, жігіттер, — деп айтқан. Әлеуметтік желілерде Дұнғандар қазақтарға қарсы көтеріліп жатыр деген қауесетте таралып жатыр. Сонымен мәселенің мән-жайы қалай болды Qazweek.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    https://www.instagram.com/p/B8RQgnhHPl2/?igshid=1kohvgdcm14bl

    Қордайлықтар полицейлермен жаға жыртысып, жерге аунатты Жамбыл облысында жергілікті тұрғындар тәртіп сақшыларымен жаға жыртысты. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу тақыланып жатыр. Онда бір топ адам туысын полицейлерге бермеу үшін жанталасқан. Тіпті құзырлы орын өкілдеріне қол жұмсауға дейін барған. Көпті шулатқан азамат қандай заң бұзушылық жасады? Полицейлер оны алып кетуге неге дәрменсіздік танытты?

    Бұл көрініс бүгін түс ауа әлеуметтік желіге тарады. Кадрда ырду-дырду, жаға жыртысу. Түсінгеніміз, тәртіп сақшылары әлдебір азаматты көлікке мінгізе алмай, әуреге түсіп жатыр. Ал оны жақындары жібермей, барынша қоғаштап жүр. Тіпті ол үшін құзырлы орын өкіліне қол жұмсауға бар.

    «Тапаншаңды шығар, мен атамын» деген азаматтан осылайша тәртіп сақшысы таяқ жеп тынды. Бір емес, бірнеше мәрте соққы алды. Мұнан кейін де жағдай басылмады. Полицейлер үсті-үстіне келіп жатса да, қарсылық көрсеткендер сабасына түспеді. Керісінше, өрши түсті. Арқаланған азаматтар алдынан шыққанды аяған жоқ. Олар заң өкілдерінің жағасына жабысып, киімін жыртып, жерге әбден аунатты.

    Полицейлер ұстауға тиіс азаматты көлікке  салып әкетті ме, жоқ па, ол жағы белгісіз. Құзырлы орын өкілдерінен осы жағдайға қатысты мағлұмат алу мүмкін болмады. Ал бейресми мәліметке сүйенсек, оқиға Қордай ауданында болған. Бірақ қос тараптың неге қақтығысқаны сол күйі белгісіз.

    қатысты посттар

    Шымкентте 200 отбасына планшет таратылды

    Фариза

    Берік Уәли елімізге Әкелер күнін енгізуді ұсынды

    Фариза

    Павлодар тұрғыны атаулы әлеуметтік көмек аламын деп мемлекетке қарыз болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.