-0.4 C
Алматы
Пятница, 27 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Стамбул әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады (фото)

    Cтамбулда Сабиха Гёкчен атындағы Халықаралық әуежайда ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Анықталғандай, Pegasus әуе компаниясына тиесілі әуе кемесі Измир- Стамбул бағытында рейс жасаған. Қонған соң лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кеткен.

    Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен медициналық бригада тартылды.

    Өртке қарсы күрескерлер ұшақ бортында пайда болған өртті ауыздықтады. Жолаушылар эвакуацияланып жатыр.

    Оқиға орнында түсірілген кадрларға қарағанда, ұшақ үшке бөлініп кеткен.

    Фото: "Анадолы" агенттігі

    Фото: «Анадолы» агенттігі

    Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, өрт салдарынан қаза тапқандар жоқ, зардап шеккендер бар. Бұл жайында Түркия көлік және инфрақұрылым министрі Джахит Турхан мәлімдеді.

    Сабиха Гёкчен әуежайына қонуы керек болған ұшақтар «Стамбул» әуежайына бағыт алып жатыр. Turkish Airlines әуе компаниясында хабарлағандай, төтенше жағдайға байланысты ұлттық әуе тасымалдаушы Сабиха Гёкчен әуежайына барлық рейстерді тоқтатты.

    Фото: "Анадолы" агенттігі

    Фото: «Анадолы» агенттігі

    Стамбул губернаторы Али Ерликайдың мәліметінше, төтенше оқиға жергілікті уақыт бойынша 19:40-та орын алған. Апаттан кейін 52 адам ауруханаға жеткізілді. Ал бортта 171 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болған.

    Торонто-Ямайка бағытында ұшпақ болған канадалық WestJet әуекомпаниясының ұшағы жолаушының әзіліне бола әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды. Анықталғандай, ол өзінің 2019-nCoV коронавирусын жұқтырғаны туралы айтқан.

    қатысты посттар

    Алматыдағы MART сауда кешенінде жарылғыш зат ізделуде

    Фариза

    «Халықтың қуанышы қайғыға айналды» — Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғындары жұмбақ жағдайда қаза болып жатыр

    Салық инспекторлары бизнесменді қорқытып, тегін дастархан жаюды талап етіп қана қоймай оған көнбеген келіншекті жұдырықтың астына алған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.