-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Біз қазір қайда екенімізді білмейміз — Қытайдан келген студент

    Короновирус өршіп тұрған Қытайдың Ухан қаласынан келген студенттер елге оралған болатын. Бір қызығы олар өздерінің қайда отырғандарынан бейхабар. Тек отанына оралғандыығына риза. Ал Денсаулық сақтау министрлігі олармен 16 ақпанға дейін ешкіммен кезпезпеу керек екендігін ескертті деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 80 студент қаладан бірнеше шақырымдағы ауруханаға оқшауланып, олардан анализдер алынған.

    «Оларға қатысты ешқандай ем-шара қолданып жатқан жоқ. Кеше келе сала студенттердің мұрны мен тамағынан анализ алынды. Сол арқылы біз коронавирусты анықтайтын боламыз», — дейді аурухана қызметкері.

    Сондай-ақ ауруханада арнайы желдеткіштер орнатылып, ондағы ауа сыртқа шықпайды, сырттан ауа келмейтіндей жағдай жасалған.

    Студенттердің бірі: Дәл қазір біз нақты қайда екенімізді білмейміз. Дегенмен отанымызда екендігін білеміз, сеземіз — дейді.

    Сондай-ақ жағдайларының айтарлықтай жақсы екендігін айтып, дәрігерлердің жақсы қарап жатқандығын жеткізді.

    Ал, бүгін Спикер: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп тікелей эфир арқылы сөз сөйлеп, Қытайдан келген студенттердің жағдайы жақсы екендігін айтты. Сондай-ақ журналистер мен блогерлерге жалған ақпарат таратпауларын өтінді.

    қатысты посттар

    Өскеменде әскери қызметкер өзін өзі атып тастады

    Фариза

    Қарағанды облысында сәбидің үстіне 6 литр ыстық су төгіліп кетті

    Фариза

    Тоқаев дүнген баланың үндеуіне жауап берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.