Среда, 2 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Экономика

    Коронавирус Қазақстан экономикасына да әсер етті

    Коронавирус Қазақстан экономикасына да әсер етті, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Astana арнасының дерегіне сүйеніп.

    Қытайдан тауар әкелетін кәсіпкерлер саудасы тоқтағалы тұр. Сарапшылар бизнесмендер банкрот болады деп болжайды.

    Экономист Арман Бейсенбаев: «Көрші елдегі ахуал ақпанның ортасына дейін тұрақталмаса, елде дағдарыс болуы мүмкін. «Барахолка» базарындағы саудагерлердің жағдайы төмендемек. Елдегі қытайлық дүкендердің де саудасы тоқтайды. Тіпті қоймада сақтаулы тұрған тауарлар да бірер айда бітері сөзсіз», – дейді.

    Қазір вирустың алдын алу үшін шекарада сақтық шаралары күшейтілген. «Қорғас» халықаралық сауда орталығы 15 ақпанға дейін жабылды.

    Алматыда автокөлік бөлшектерін сататын кәсіпкерлер бір ай бойы тауар әкеле алмай отырғанына, шығыны көбейгеніне шағым айтқан.

    қатысты посттар

    Доллар бағамы 466 теңгеден асты

    Фариза

    Лукашенко Ресеймен бірыңғай валюта енгізуге келісім берді

    Қазақстанда экономистер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.