-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 19 января 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Шымкентте көлік қозғалысын реттеген оқушы желіде жұлдыз болды (видео)

    Әлеуметтік желіде жолдың қақ ортасына тұрып, өздігін көлік қозғалысын реттеген жеткіншектің видеосы лезде тарап кетті. Анықталғандай бұл жайт Шымкентқаласында болған деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Миллионер қаланың Сайрам орталығында болған жағдай көпшілікті сүйсіндірмей қоймады.

    Себебі, бағдаршам өшкенде пайда болған кептелісті реттеген жасөспірім көлік жүргізушілерін тыңдата алған.

    Оның нұсқауларына жол қозғалысы қатысушыларының барлығы бағынған.

    Ал видеоның басты кейіпкері шымкенттік мектептің оқушысы болып шықты.

    Дастан Өміртаев сол күні үйге жаттығудан қайтып келе жатқан екен. Қиылыста кептеліс туған сәтте ол жақын маңда полицейлер жоқ екенін түсініп, бірден көмекке ұмтылыпты.

    «Шымкентте полицейлер көлік кептелісін қалай реттейтінін бірнеше рет көргенмін. Олардың істегенін қайталадым. Рас, таяқшам мен ысқырығым болмады. Сол үшін қолыммен көрсетіп тұрдым. Көлік жүргізушілері маған ол үшін алғыс та білдірді», — дейді Шымкент қаласындағы №114 Жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы Дастан Өміртаев.

    Мектеп оқушысының ата-анасы видеоны көргенде қатты уайымдаған. Олар баласына әрекеті үшін алғыс білдіріп, келесі жолы қайталамауды сұрапты. №114 мектеп басшылығы да Дастанмен әңгімелесу жұмыстарын жүргізген.

    «Бір жағынан баланың көшедегі адамдарға көмектескені жақсы, әрине. Біз оған алғыс айттық, бірақ қауіпсіздік мәселесі бар. Бұл тақырыпта жиналыста оның ата-анасымен сөйлестік. Көшеде бір жағдай бола қалса, шұғыл қызметтерге хабарласу керек», — дейді №114 орта мектебінің директоры Асқар Өмірәлиев.

    Дастан мектепте озат әрі үздік оқушысы. Ол жүзумен айналысады, ағылшын тілін де үйреніп жүр. Болашақта кәсіпкер болғысы келеді. Педагогтар жетінші сынып оқушысының әрдайым көмекке келуге әзір екенін айтады.

    Полицейлер балақайдың әрекетін қалай бағалары белгісіз. Олар видеоны зерттеп жатыр.

     

    қатысты посттар

    «Прокурордың әйелімін» деген әйел кешірім сұрап, оқиғаның қалай болғанын айтты 

    «Бұл балаларға зорлық-зомбылық жасау, жүрегім ауырып тұр»

    Фариза

    «Қытайдың биологиялық қаруы» Коронавирус Ухань лабораториясында 2018 жылы ашылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 + thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.