-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған, жоғалып кеткен сарбаздарға іздеу жарияланды

    ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейінің іздестіру-экспедициялық бөлімі Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған және із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық сарбаздарға іздестіру-мұрағаттық жұмыстарын жүргізуде.

    2020 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толады. Ұзақ жылдар бойы көптеген қазақстандық отбасылар үшін ата-бабаларының қабірінің нақты орналасуы туралы ақпарат қолжетімсіз жәнеде әлі күнге дейін 100 мыңнан астам қазақстандық жауынгерлер қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен деп есептеледі.

    Іздеу жұмыстары үшін ТМД және алыс шетелдердегі қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен сарбаздардың деректер базасы, интернет-ресурстар және бұрын жабық болған ақпараттар, сонымен қатар шетелдік мұрағаттар және 1941-1945 жылдардағы қызыл әскердің қайтарымсыз шығыны туралы құпиясыздандырылған хабарламалар пайдаланылады.

    Сонымен қатар, облыстық тарихи-өлкетану мұражайларымен, мұрағаттармен, ғалым-зерттеушілермен, мұрағатшылармен, іздеушілермен, «Атамнын Аманаты» қоғамдық бірлестігімен және жергілікті әскери басқару органдарымен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

    2020 жылғы қаңтар айы бойынша ҚР ҚК Әскери-тарихи мұражайына  соғысқа қатысқандардың туыстарынан 556 өтінім келіп түсті. 48 өтінім бойынша алғашқы жерлеу орындарының орналасқан жері туралы ақпарат анықталды.

    Олардың 38-і Ресей Федерациясының аумағында орналасқан (Ростов облысы, Матвеево-Қорған ауданы; Орлов облысы, Ульянов ауданы; Карело-фин КСР, Петровский ауданы және т. б.);

    4-і Мажарстан аумағында (Мике-Перч ауылы, батыс аймақ);

    2-і Латвияда (Карсаев уезді);

    2-і Германияда (Бранденбург, Ной-Левин ауылы, ағалық қабір);

    1-і Польшада (Мазовецк елді-мекені);

    1-і Белоруссияда (Полесск облысы);

    Күнделікті 3-тен 5-ке дейін өтінімдер түседі.

    Қырық жылдық өтілі бар тәжірибелі «Мемориалдық аймақ» іздестіру жасағының командирі Майдан Құсайыновтың айтуынша, жоғалған жауынгерлерді іздеудің түрлі әдістері бар. Мәселен, мұрағаттық-далалық жұмыстардан бастапинтернет-іздестіруге дейін. Қазір әлеуметтік желілердегі түрлі топтар мен қауымдастықтар қаза тапқан жауынгерлерді іздеу мәселесін шешудегі қуатты ресурс болып отыр.  

    Бөлімше жоспарында – ТМД және Еуропа елдерінде жерленген жерлерге шығуды ұйымдастыру арқылы іздеу жұмыстарын жетілдіру, әскери құрмет көрсету және Біз үшін Ұлы жеңіске жеткендер үшін соңғы әскери рәсімді орындау.

    қатысты посттар

    Үй бағасы арзандауда

    Қызылорда: Арал ауданында оқушылар үйінің құрылысы аяқталуға жақын

    Фариза

    Қызылордада 60 мекеме «Open space» форматында жұмыс жасайды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.