-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    Сапарбаев: Тұрмысы төмен отбасылар көмекті ақшалай емес, тауар ретінде алады

    “Кепілдендірілген әлеуметтік топтама” аясында азық-түлік және тұрмыстық хи­мия өнімдері жиынтығын жер­гілікті әкімдіктер алдағы ақ­пан айынан бере бастайды.


    Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев тұрмысы төмен отбасыларға берілетін әлеуметтік ID картасын енгізуге қатысты пи­лоттық жоба дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Nege.kz порталына  сілтеме жасап.

    “Жоба былтыр қолға алынды. Жуырда АӘК арнайы ID карта арқылы ғана беріледі. Бүгінде бұл карта жобасы Ақтөбе, Атырау, Павлодар облыстарында және Алматыда іске қосылды. Енді оны Қостанай мен Маңғыстау қалаларында жүзеге асырамыз.

    Бар­лығы әлеуметтік карта арқылы жүргізіледі. Магнум супер­мар­кетіне арнайы соқтым, онда бар­лық әлеуметтік жиынтық ар­найы карта арқылы берілетін бо­лады.

    Балаларға берілетін ол тауар­ларды жергілікті атқарушы билік сатып алады. Үкімет қаулысы­на сәйкес, өнімдер бір көз­ден алы­нады. Тауарды сақтау­мен тендерде жеңген сауда ұйымы айналысады. Ал жеткізу жергілікті органдарға жүктелген”, – деді Б.Сапарбаев.

    Ол аз қамтылған отбасыларға көмекті не себепті азық-түлік және басқа да тауармен, жөргек секілді гигиена заттарымен беру туралы шешім қабылданғанын түсіндірді.

    “Біз осының алдында көптеген елдің тәжірибесін зерделедік. Мұндай көмек түрі Еуропа мен Азияның ірі елдерінде бар. Содан ақшалай емес, өніммен беруді ұйғардық.

    Себебі бұдан бұрын ақшалай төленген АӘК ақшасын бөтен мақсаттарға пайдаланғандар бар: кредитін өтеген, қымбат ұялы телефон сатып алған.

    Ал біздің мақсатымыз – мемлекет ақшасы балалардың мұқтажына ғана жұмсалуы қажет”, – деді ол.

    Премьер-Министрдің орын­басары “кепілдендірілген әлеуметтік топтама” аясында азық-түлік және тұрмыстық хи­мия өнімдері жиынтығын жер­гілікті әкімдіктер алдағы ақ­пан айынан беріле бастайтынын хабар­лады.

    қатысты посттар

    «Әзілдедім, қорықсын дедім». Жалған ақпарат таратқан дәрігер әрекетін түсіндірді

    Фариза

    Қасым Жомарт Тоқаевтың үндеуі қаншада көрсетілетіні белгілі болды

    Фариза

    98 баптан тұратын Конституциямызда ұлтты қорлайтындарды жазалауға арналған бір заңның болмағаны ма?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.