28 C
Алматы
Пятница, 23 мая 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Елордадағы Оқушылар сарайына Әбу-Насыр Әл-Фарабидің есімі берілмек

    Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайына Әбу-Насыр Әл-Фарабидің есімі берілмек. Бұл туралы Қазақ радиосына Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай хабарлады, деп жазады Қазақ радиосы

    Оның айтуынша, тиісті шешімді Үкімет қабылдайды. Республикалық онамастикалық комиссия бұл ұсынысты қолдап, оны Үкіметке жолдаған.

    «Егер Үкімет дана бабамыздың есімін Оқушылар сарайына беру туралы Қаулы шығарса, онда Әл-Фараби оқуларын өткізу, сыйлық тағайындау, орталық ашу секілді іргелі жұмыстар жасаймыз деген жоспарымыз бар», — дейді Ербол Іргебай.

    Оқушылар сарайының әкімшілігі Әл-Фараби атын ресми алған соң ғұламаның атындағы арнайы орталық ашуды да жоспарлап қойған.

    Айта кету керек, Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар сарайы әлемдегі осындай бірегей ғимараттардың қатарына кіреді. Оның аумағы 61 274,6 шаршы метр. Оқушылар сарайында жеңіл атлетика залы мен,жүзу бассейні, мұз айдыны мен күрес, тенис залдары бар. Жалпы алғанда 100 ден астам үйріме жұмыс істейді.

    қатысты посттар

    «Ең әуелі балаларымның тағдырын ойран еттім» Сириядан оралған Қазақстандық өткен істеріне өкінетінін айтты (видео)

    Қызылорда: Қала күніне орай ұйымдастырылған жәрмеңкеге 1,5 мың тонна өнім әкелінеді

    Фариза

    «Қазақстанда 20 қыркүйек пен 15 қазаннан кейін қатаң карантин орнайды»: Министрлік түсініктеме берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.