-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Тұмаудан қорғай алмаған бетперде короновирустан қалай сақтамақ?

    Қытайдың Ухань қаласынан бастау алып, әлем мемлекеттерінің көпшілігін сарсаңға салған коронавирус бүгінде Қазақстан жұртшылығын да бей-жай қалдырған жоқ. Қытайдан келген 10 шақты адамның ыстығы көтеріліп, ауруханада жатуы да халықтың үрейін ұшырып, коронавирустан сақтанудың жолын іздеп сарылуына алып келді. Халық жаппай маска сатып алып, әлемді дүрліктірген бұл аурудан сақтанудың жолын жасауда. Осы орайда Qazweek.kz ақпарат агенттігінің журналисі Алматы қаласындағы дәріханаларды аралап масканың қаншалықты вирустан сақтауға қабілеттілігі мен қандай түрлері сатылымда бар екенін біліп қайтты.

    Көпшілік дәріханаларда масканы сұрап келіп жатқан адамдар көп, тіпті біреуінен бірде-бір маска таба алмадық. Дерттен қорғайтын маскалардың Алматыда тек үш түрі ғана сатылады екен.

    Олар:

    1. Хирургиялық маска (20 тенге)

     

    2.  Қара маска (30 тенге)

    3. Респиратор маска (450-600 тенге)

    Мамандардың айтуы бойынша алғашқы, хирургиялық және қара масканы ең көп дегенде 2-3 сағатқа ғана тағуға болады. Ал респиратор масканы жарты күнге дейін қолдануға рұқсат етеді. Сондай-ақ, респиратор масканың вирустан қорғау қабілеттілігі басқа маскаларға қарағанда жоғары болып келеді.

    Ал, шетелдік ғалымдар болса хирургиялық масканың вирус пен бактермялардан қорғауға қабілеті жетпейді деп баға берген.

    Дегенмен, көпшілік дәріханаларда маска тапшылығы болып жатқаны өтірік емес. Ал респиратор масканы табу мүлде қиын. Себебі, аптека қызметкерінің айтуы бойынша респиратор масканы сатуға Қазақстанда ешқандай сертификат жоқ. Дегенмен, қайдан келіп жатқаны белгісіз респиратор маска қаланың дәріханаларында сатылымға шығып кеткен.

    Естеріңізге сала кетсек тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беретін Департамент директоры Айзат Молдақасымова Алматы тұрғындарына, бір адамға, 15-20 маскадан артық бермеу туралы ұсыныс тастаған болатын.

    қатысты посттар

    Балалар 6 жастан бастап мектепке баруға міндетті ме: Министр жауап берді

    Атырауда аяғы ауыр келіншек көпірден секіріп кетті

    Фариза

    Елордада пирамида үшін өзін өртеп жіберген әйел полицейлерді кінәлап отыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five + six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.