-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды

    Алматы әуежайында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы Миржан Молдақұлов қайтыс болды. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әкімдіктің мәліметінше, 54 жастағы Молдақұлов үйінде көз жұмған.

    Ұшқыштың 5 қаңтарда ес жиып, жансақтау бөлімінен профильдік бөлімшеге ауыстырылғаны хабарланған. Ол ауруханадан 21 қаңтарда шығарылған. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 28 қаңтар кешкі 18.00-де жедел жәрдемге Молдақұловтың жағдайы нашарлағаны жайлы шақырту түскен. Жедел жәрдем дәрігерлері науқастың жүрек қағысын реттеуге тырысқанымен нәтиже болмаған.

    27 желтоқсанда таңертең Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы Алматы әуежайына жақын жерге құлап, сол маңдағы үйге соғылған. Ұшақта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. 12 адам қаза тауып, ондаған жолаушы ауруханаға түскен. Мерт болғандар арасында борт капитаны Марат Мұратбаев та болған.

    қатысты посттар

    Шымкентте ауызашарға дайындық кезінде қайғылы оқиға орын алды

    Қорықшыны өлтірген қылмыскерлердің туыстары сот үкіміне наразылық білдірді

    «Оның бәрі заңсыз әрекет екен…» — митингке қатысқан жастардың өкініші (видео)

    Пікір қалдыру

    fifteen − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.