-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Шалбарын шешіп тастаған…» — жас жігіт 6 жасар қызды педофилден құтқарып қалды

    Ер адам 6 жасар қызға дүкеннен кәмпит алып беремін деп алдап зорламақ болған. Шалбарын шешіп, іске кірісе бастағанда оны сол жерде жұмыста жүрген семейлік жігіт Асқар Жексенұлы көріп қалыпты, деп хабарлайды Stan.kz.

    «2017 жылы 3 мамырда болды. Нұр-Сұлтан қаласында «Нұрлы жол» вокзалы салынып жатқанда біз сол жерде құрылыста жұмыс істейтінбіз. Сағат 11-лер шамасында сол жерден 47 жастағы ер адам кішкентай қызды қолынан жетектеп судың жағасындағы талдардың арасына апара жатыр. Қасымдағы жігіттерден оның кішкене қызды ұстап қайда алып бара жатқанын сұрап қалдым. Сөйтіп екі-үш бала талдарға қарай жүгірдік. Сөйтсек әлгі қызды шешіндіріп тастапты. Өзі де шалбарын шешіп, ісіне кіріскелі жатыр екен. Біздің айғайлағанымызды ести сала шалбарын көтерместен қаша жөнелді», – дейді «Ниет» бағдарламасында Асқар.

    Суды жүзіп өтпекші болған ер адамды Асқар тоқтатып, ұстап қалған. Ары қарай полиция қызметкерлеріне хабарласқан. Кейін белгілі болғандай, оның түрмеден 20 күн бұрын ғана шығыпты.

    «Өзі татар азаматы екен. Басында мені қасына жолаттырғысы келмеді. Бірақ оны шешіліп кеткен шалбарының белбеуі арқылы ұстадым.  Қыздың өгей әкесімен дос екен. Ол да түрмеде отырып шыққан. Олар сол күні арақ ішіп отырған. Содан әлгі дүкенге барып келейін деп, балмұздақ, кәмпит алып берем деп өзімен кішкентай қызды да алып кеткен. Сөйтіп зорламақ болған, – дейді қаһарман жігіт.

    қатысты посттар

    «Өз ағзамызды беруге дайынбыз»: Кореяда баланы қаққан қазақстандық жігіттің анасы кореялықтардан кешірім сұрады

    Фариза

    Белгілі тележүргізушіні бір топ әйелдің не үшін соққыға жыққаны белгілі болды (видео)

    Өте ауыр дертке шалдыққан 4 жасар бүлдіршін: Маған Құдайым көмектеседі…

    Пікір қалдыру

    ten + eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.