-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Қытайдың биологиялық қаруы» Коронавирус Ухань лабораториясында 2018 жылы ашылған

    Коронавирус — Қытайдың Ухань қаласынан бастап, тек Қытай мемлекетінде ғана емес, сондай-ақ, әлем елдеріне таралып, адам шығынына әкеліп жатқан үлкен қауіп. Осы уақытқа дейін белгілі болған мәліметтерге сәйкес, коронавирустың әсерінен 80-ге жуық адам қаза тауып, 3000-ға жуық адам ауруды жұқтырып үлгерген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Қытай ғалымдарының айтуы бойынша бұл таралып жатқан ауру коронавирустың жаңа түрі, сондай-ақ, ол жарқанат, жылан секілді басқа да тіршілік иелерімен қоректенудің нәтижесінде пайда болған дейді. Дегенмен, дәл осы аурудың Қытайдың аса қауіпті вирустарға арналған лабораториясында 2018 жылы ашылып қойылғандығы белгілі болды. АҚШ-тың Washingtontimes.com порталының мәліметіне сәйкес вирусты сол Уханьда орналасқан лабораториядағы жұмысшы жұқтырып, сол арқылы қалаға тарау мүмкіндігін айтады.

    Қытайда таралып жатқан бұл вирусты АҚШ-тың Қытайға қарсы әрекеті деген ақпараттар тараған болатын. Дегенмен, Америкалық ақпарат агенттері керісінше бұл вирус Қытайдың биологиялық қаруы ретінде әдейі шығарып отырған дүниесі болуы мүмкін деп болжауда.

    Мамандардың айтуынша коронавирустың ең басты белгісі жөтел мен ыстықтың көтерілуі. Дәрігерлер мұндай жағдайда өздігінен дәрі қабылдамауға кеңес береді.

    қатысты посттар

    Желіде полицейлердің түрмеде сотталғандармен бірге түстеніп отырған суреті жарияланды

    Фариза

    Павлодарда Тайландтан келген бір отбасы коронавирус жұқтырды деген күдікпен инфекциялық бөлімге жатқызылды

    Фариза

    Польшада «Абай» атындағы жастар орталығы ашылды

    Пікір қалдыру

    thirteen + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.