-11.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Қытайдағы вирус: концлагерьдегі мұсылмандар жаппай қырылуы мүмкін

    Лагерь тұтқындарына қауіп төнді. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Bugin.kz порталының дерегіне сүйеніп.

    Қытайдағы вирустың салдарынан концлагерьге қамалғандар қырылып қалуы мүмкін. Бұл туралы Батыстық зерттеушілер мен адам құқығын қорғаушылар мәлімдеді. 

    Вашингтон мемориалдық коммунизм құрбандары қорының аға зерттеушісі Адриан Зенц вирустың Шыңжаңдағы оқиғаларға қатты әсер ететінін жазды.

    Джорджтаун университетінің Қытай тарихы бойынша профессоры Джеймс Миллфард болса лагерьлердің вирусқа қарсы дайындығының мүлде жоқтығына, тіпті қарапайым тазалықтың төмен дәрежеде екенін айтқан.

    — Өте нашар жағдайда өмір сүріп, құнарсыз тағам ішіп, суық пен ауыр жұмысқа салынған лагерь тұрғындары үшін бұл вирус апат алып келері анық. Қытай лагеріндегілерді босатып, үйіне қайтаруы тиіс. Олай етпесе, тұтқындардың мыңдап, тіпті миллиондап қырылуы мүмкін екенін ескертемін, — деді ол.

    The New York Times басылымының журналисі Остин Рамзи болса, вирус тарап, лагерь халқы қырылса да, билік оны жасырын ұстайтын болады деген пікірде.

    қатысты посттар

    «Қазір өкпе-ренішті қозғап, дауласатын уақыт емес», — Біртанов дәрігерлерге үндеу жасады

    Фариза

    Даниал Ахметов бүкіл қазақстандықтың өміріне гарантия бере ме?

    Атыраулық медбикелер «вакцина паспорты» үшін 100 мың теңге алып отырған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.