14 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қызылорда маңындағы қамыс арасынан маугли-бала табылды (видео)

    Үсті-басы кір-қожалақ, киімінің алба-жұлбасы шыққан, ашыққаннан әбден әлсіреп, әрең тілге келген ұл бала кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілген. Баланың жасы шамамен, 9-да болған. Ол ұзақ уақыт бойы қаңғып, далада қалған, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    «Астана» телеарнасының хабарлауынша, қала маңындағы тұрғындар балаға Маугли деп ат қойыпты. Оны көргенде тамақ беріп, үйлеріне қондырып жүрген екен. Дұрыс сөйлей алмайтын баланың ешкімі жоқ екенін білген тұрғындар полицияға хабар берген.

    «Шашы Мауглидікі сияқты иығына дейін өсіп кеткен. Баланы қамыс арасындағы арық ішінде ойнап отырған жерінен таптық. Сұрастыра келе, баланың еш жақыны жоқ екенін, әкесінің мамыр айында қайтыс болғанын анықтадық», – дейді Қызылорда қалалық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Жасұлан Асылбеков.

    Бала кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілген. Көптеген айлар бойы көше кезіп, қаңғып жүрген бала қалыпты тұрмыстық жағдайға ұзақ уақыт үйренісе алмай жүріпті.

    Әріп, сан білмек түгілі, қарапайым жануарлардың суретін сала алмайтын жеткіншек ата-анасының кім болғанын да білмейді. Дегенмен, анасының болғанын армандайды екен.

    «Онымен қазіргі уақытта педагог, тәрбиеші, логопед, дефектолог сияқты мамандар жұмыс істеуде. Екі айдан соң жасы 9-ға толады. Бірақ медициналық-педагогикалық комиссия қорытындысы бойынша баланың дамуында ауытқушылық бары анықталды. Оның даму деңгейі мектепке дейінгі баланың жасына сай келеді», – дейді кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының қызметкері Әсем Бекмамбетова.

    Владикті қайда орналастыру мәселесін енді кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі сот шешетін болады.

    Белгілі болғандай, қаңғыбас баланың анасы Людмила бірнеше жыл бұрын табыс табу үшін Корея еліне кеткен екен. Ұлын бұрынғы күйеуіне қалдырып кеткен, алайда баланың әкесі былтыр қайтыс болыпты.

    Қазір Людмиланы ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылуда. Бірақ алдымен оның өзін іздеп табу қажет дейді мамандар.

    қатысты посттар

    Коронавирусты емдейтін палатадан түсірілген жантүршігерлік видео тарады

    Фариза

    “ Бір жаман “подстава” жасалайын деп жатқан сияқты” Министрлікті тік тұрғызған Толқынайдың басына бұлт үйірілді

    Фариза

    “Екі полицейдің өліміне себепші болған BMW көлігінің иесі де полиция қызметкері болған” Әлеуметтік желіде тараған ақпарат рас па?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen + eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.