Четверг, 26 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • ҚоғамОқиға

    Ухань қаласындағы қазақстандық студенттер эвакуацияланбайды — СІМ

    Ухань қаласында қалған 98 қазақстандық студент эвакуацияланбайды. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Белгілі болғандай, қала карантинге жабылған. Сондықтан қалаға ешкімді кіргізбейді және сыртқа жібермейді. Елімізде аталған вирусты жұқтыру дерегі тіркелген жоқ.

    «Ухань қаласында 230 қазақстандық студент тіркелген. Бүгінгі таңда қалада 98 студент қалып отыр. Қалғандары демалыс басталғаннан бастап Қазақстанға және басқа елдерге аттанды. Ухань қаласындағы студенттермен біздің дипломаттар байланыс орнатты. Танымал мессенджерлер арқылы біздің студенттеріміз қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайлардағы сақтық шаралары мен тәртіп ережелері туралы хабардар етілді. Біздің студенттер бар жоғары оқу орындарының басшылығымен жұмыс байланыстары бар», — дейді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қытайдағы қазақ студенттері дереу эвакуациялауды сұраған болатын.

    қатысты посттар

    Жаңатаста қаза тапқан бес баланың туыстары жұртшылыққа үндеу тастады

    Фариза

    Алматыда “несиелік рақымшылық” туралы хабарламадан кейін ел дүрлікті (видео)

    Фариза

    «Бізді қоя беріңіз» — Атырауда мұз сынып, суға батқан балаларды құтқару сәті (видео)

    Пікір қалдыру

    1 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.